ЖаңалықтарКалининнің голы - наурыз айының үздігі
11 Сәуір 2018, 14:49

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік гол авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Қорытынды сауалнамаға Премьер-лиганың алғашқы үш турының сауалнама жеңімпаздары кірді: 1 тур үздік гол авторы - Марин Томасов, 2 тур үздік гол иегері - Илья Калинин және үшінші тур нәтижесі бойынша үздік гол соққан ойыншы - Патрик Твумаси.
Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында және "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі ҚКФЛ тобында өткізілді.
Жанкүйерлер таңдауының қорытындысы келесідей:
1. Илья Калининнің голы (Ертіс – Ақтөбе 2:1) – 210 дауыс (50,5%)
2. Марин Томасовтың голы (Астана – Ақжайық 3:0) – 165 дауыс (39,7%)
3. Патрик Твумасидің голы (Астана – Қайсар 2:0) – 41 дауыс (9,9%)
Илья Калининнің "Ақтөбе" қақпасына айып алаңының сыртынан соғылған добы 2018 жылдың Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік добы атанды. Аталған гол Чемпионат аяқталғаннан кейін өткізілетін маусымның қорытынды сауалнамасына қатысады.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XI туры Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады
-
ҚКФЛ OLIMPBET-Чемпионаты және UBET-Біріншілігі клубтары үшін семинар өткізді
-
OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді
-
Виктор Грабко - Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының сәуір айындағы үздік ойыншысы