РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарEPFL атауын ауыстырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам жасады

09 Сәуір 2018, 14:47
Құрамына Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы кіретін (ҚКФЛ) "Еуропалық кәсіби клубтар лигасының" қоғамдастығы кезекті Бас ассамблеясын өткізіп, корпоративті стилін ауыстырғаны туралы жариялады. 
 
Шараға ҚКФЛ атынан Атқарушы директор Александр Кеплин және Спорттық директор Павел Демян қатысты.  
 
Ассамблея барысында 2018 жылы басталғалы тұрған еуропалық турнирлерге (Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы) қатысатын клубтарға УЕФА атынан төленетін ынтымақтастық төлемдерді қайта бөліп тарату сұрақтары қарастырылды.  
 
Үздік чемпионат өкілдері жаңа модель орташа қаржысы бар және бай клубтар арасындағы теңгерімсіздікті азайтады деген ойда. 
 
Ассоциация спорттық жарыстардағы нәтижелерге қарамай барлық клубтар арасында бірдей төлемдерді енгізуге ниетті.  
 
Кездесудің басты шешімдерінің бірі - ол лигалар арасындағы трансферлік терезелерді синхрондауы туралы келісім. Чемпионат өкілдері жаңа ойыншыларды тіркеу кезеңі 31 тамызда аяқтауы тиіс деген шешім қабылдады. 
 
Бұдан басқа Ассамблея барысында мекеменің жаңа корпоративті стилі көпшілік назарына ұсынылды, яғни EPFL жаңа аты және болашақтағы жұмыс жоспарлары жарияланды. 
 
Ендіге Ассоциация "Еуропалық лигалар" деп аталады. Жаңа атау еуропалық Чемпионаттардың бірлігін ашып көрсетеді. 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4514 )