РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Қазақстан Кубогы
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарНаурыз айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

06 Сәуір 2018, 16:44
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) наурыз айындағы Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысы анықтау мақсатында сауалнама.  
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлері арасында жүрді.   
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
«Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 20 ұпай (бірінші орын үшін 15 ұпай, екінші орын үшін 4 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай) жинап, Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды.
 
Айдың үздік бапкері болып «Астананың» жаттықтырушысы Григорий Бабаян атанды. Бұл бапкерге сауалнамаға қатысқан 12 әріптестің 8 дауыс берді.    
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4510 )