РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгарияға жеңілді

26 Наурыз 2018, 23:50
Қазақстан құрамасы бір апта ішінде екінші кездесуін өткізді. Болгария командасымен болған матч өкінішті жеңіліспен аяқталды.
 
Бірінші кезеңде қауіпті сәттер аз болды. Ойынның бірінші бөлігінде бір ғана маңызды орын алған сәт болды – Қазақстан құрамасының айып алаңындағы ереже бұзуы. Ғафуржан Сүйімбаев допқа талас кезінде Станислав Манолевті шалып жықты. Пенальтиден голды Ивелин Попов соқты. Үзіліске командалар болгарлық команданың есептегі басымдылығымен кетті – 1:0.
 
Екінші тайм Қазақстан құрамасының бірнеше креативті шабуылдарынан басталды. Осындай бір шабуылдың бірін тамаша соққымен Роман Муртазаев аяқтаған – доп қақпа маңдайшасына тиді.
 
Бірнеше минуттардан кейін қазақстандық команданың белсенді әрекеттері өз жемісін берді – Еркебұлан Тұңғызбаев рикошеттен кейін допқа бірінші жетті – 1:1.
 
Қазақстандықтар екінші тайм бойы басымдылық қөрсетті, Болгария Плотников қорғаған қақпаға бірде-бір тура соққы бағыттамады. Алайда Стоилов шәкірттері өздері бастаған тамаша шабуылдарды аяғына дейін жеткізе аламады.
 
Негізгі уақытқа қосылған соңғы минуттарда айып добынан Николай Бодуров өз құрамасына жеңіс сыйлады – 2:1.
 
Болгария-Қазақстан 2:1 (1:0)
ГолдарПопов 23 (пенальтиден), Бодуров 90+3 – Тұнғышбаев 55
Қазақстан: Плотников, Суйімбаев, Малый, Постников, Бейсебеков, Қуат, Зайнұтдінов (Парагульгов 46), Исламxан (к) (Әліп 90+3), Мұртазаев (Ахметов 90), Сейдаxмет (Перцух 78), Хижниченко (Тұнғышбаев 46). 
26.03.2018. Фельчут (Венгрия), «Панчо Арена».
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4491 )