РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің нәтижеcі

26 Наурыз 2018, 18:32

Қазақстан Республикасының Кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бұл кезеңнің нәтижелерін сіздің назарларыңызға ұсынады.

 
Аталаған кезеңдегі матчтар 18 және 26 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында орналасқан стадиондарда өткізілді.  
 
«А» тобындағы жалғыз жолдамаға «Оқжетпес», «Оңтүстік» Академия» және «ОСДЮСШОР - Жас Ұлан» клубтары таласқан. Нәтижесінде Кубоктың 1/8 финалына көкшетаулық клуб өтті.  
 
Алдымен «Оқжетпес» «Оңтүстік» Академиясымен» тең ойнады – 1:1, содан соң «ОСДЮСШОР - Жас Ұлан» командасын ойсырата жеңді – 7:0. «Оқжетпес» пен «Оңтүстік» Академия» командалары бірдей ұпайлар жинады, бірақ соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы көкшетаулықтар жағында.  
 
«В» тобының жеңімпазы болып «Мақтаарал» атанды. Шығыс Қазақстан өкілі келесі кезеңге жолдаманы «Рузаевка» және ЦСКА футбол клубтарымен бірге сарапқа салды. Бірінші матчта Қуаныш Қарақұлов ойыншылары ЦСКА-мен тең ойнады (1:1), содан соң 7:1 есебімен «Рузаевкадан» басым болды. 4 ұпай жинап, «Мақтаарал» турнирдің 1/8 финалының кезекті қатысушысы болды.  
 
Жеребе бойынша «С» тобына «Қыран», СДЮСШОР №8 (Астана қ., әуесқой клуб) және «Каспий» түсті. «Қыран» өзге топтардағы көшбасшылар секілді алдымен тең ойнап, содан соң жеңіс дәмін татты. 4 ұпаймен шымкенттік ұжым келесі кезеңге шыға алды.   
 
«D» тобында «Алтай», «Тараз», «Ақбет» (Павлодар қ., әуесқой клуб) және «Екібастұз» жиналды. «Тараз» бен «Алтай» әрқайсысы екі реттен жеңіске жетіп, 6 ұпайдан жинады. Нәтижесінде топтың жеңімпазы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің соңғы күнінде анықталды. «Тараз» «Алтайдан» 2:1 есебімен басым түсті. «D» тобынан көшбасшы ретінде Кубоктың 1/8 финалына Воит Талғаев командасы өтті.
 
Қазақстан Кубогының 1/8 финалына іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша «Оқжетпес», «Мақтаарал», «Қыран» и «Тараз» шықты. Бұл клубтар 18 сәуірде өтетін келесі кезеңнің ойындарында алаң иелері атанады.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4490 )