РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКалининнің голы – Премьер-лиганың екінші турының үздік добы

26 Наурыз 2018, 12:59
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың екінші тур үздік добын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.  
 
Екінші турда соғылған 13 голдың 9 жанкүйерлер таңдауына ұсынылды. Сауалнамаға пенальтиден соғылған голдар мен «Қызыл-Жар СК» командасының қорғаушысы Георгий Попхадзенің автоголы кірмеді.  
 
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және Вконтакте әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында жүрді.
 
Сауалнама нәтижесі бойынша бірінші орынды павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Илья Калинин иеленді. Бұл голға 81,8% сауалнамаға қатысушылар дауыс берді.
 
Премьер-лиганың екінші турының үздік үш голы қатарына келесі доптар кірді:
1. Илья Калинин голы («Ертіс»-«Ақтөбе» 2:1) – 1129 дауыс
2. Патрик Твумаси голы («Жетісу»-«Астана» 0:2) – 65 дауыс
3.Алексей Щеткин («Жетісу»-«Астана» 0:2) және Уго Сильвейра («Қайрат»-«Атырау» 2:0) – 34 дауыстан
 
Калининнің голы «Наурыз айының үздік голы» атағына үміткер болады. Наурыз айының соңында айдың үздік голы анықталады.  
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4489 )