ЖаңалықтарАқтөбе қаласындағы Орталық стадионда ресми ойындарды өткізуге тыйым салынды

Қазақстан футбол федерациясының және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бірлескен комиссиясы Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионды тексерістен өткізді.
Тексеріс барысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты алаңның табиғи төсеніші ресми ойындарды қабылдауға дайын еместігі анықталды.
Жиналған мәліметтерді пайдалана отырып, алаңдарды тексеру Бірлескен комиссиясы ҚФФ және ҚКФЛ аясында өтетін барлық ресми ойындарды Ақтөбе қаласының Орталық стадионында мәселелер шешімін таппағанша өткізуге тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы алаңдарды тексеру комиссиясы Ақтөбе қаласындағы жасанды төсеніші бар ОДЮШОР стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салынған. Бұл шешім әлі күнге дейін алынбаған.
Қазақстан Чемпионатының 3 тур аясында өтетін "Ақтөбе"-"Қайрат" ойынын өтетін жеріне қатысты шешімді матчты ұйымдастыратын ұжым - "Ақтөбе" футбол клубы қабылдайды.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың құрметіне өтеді
-
Асхат Тағыберген – OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік футболшысы
-
Қайрат Нұрдәулетов - OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік бапкері
-
Еркебұлан Нұрғалиев - UBET-Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы