РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лиганың 2 турының символикалық құрамасы

19 Наурыз 2018, 17:35
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сіздерге 2018 жылғы маусым Премьер-лигасының екінші турының символикалық құрамасын ұсынады.
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздіктердің тізімі келесідей: 
 
Қақпашы: Игорь Шацкий, «Шахтер».
 
«Кеншілердің» қақпашысы Игорь Шацкий «Тобылмен» болған ойында үш соққы қайтарды, 8 рет қақпадан сәтті шыға білді (100% көрсеткіш), 76% дәл пастар берді. Ойын Индексі - 239. 
 
Оң жақ қорғаушы: Игорь Шитов, «Астана».
 
«Астананың» ойыншысы турдың үздік он қаптал қорғаушысы атанды. Ол ойын барысында 78% дәл пас беріп, 4 рет қарсылас қақпасының маңына пас шығарды. Сонымен қатар, Шитов 4 рет допқа таласып, жеңімпаз атанды (100% көрсеткіш) және 7 рет пастарды тоқтатты. Ойын Индексі – 228.
 
Орталық қорғаушылар: Александр Кислицын, «Ертіс»; Пабло Фонтанелло, «Ордабасы».
 
Турдың үздік орталық қорғаушысы болып «Ертістің» ойыншысы Александр Кислицын атанды. Павлодарлық - қорғаушылар арасында ең көп дәл пас берген ойыншы – 107 пас (дәлдік – 91%). Және де ол 4 маңызды пас жасады, 15 рет допқа таласты жеңді (83% тиімділік), үш рет допты тартып алды. Сонымен қатар, Кислицын гол соққан Илья Калининге пас жасады. Ойын Индексі – 284.     
 
Фонтанелло жекпе-жектерде сәтті өнер көрсетті – 17 таластың 17 жеңді, 3 ма4ызды пас жасады6 4 рет допты «таза» тартып алды және 4 пасты тоқтатты. Ойын Индексі – 263. Фонтанелло біздің құрамаға екінші рет кіріп отыр.
 
Сол жақ қорғаушы: Матео Мужек, «Шахтер».
 
Символикалық құрамаға қарағандылық команданың тағы бір өкілі кірді – Матео Мужек. Балкандық легионер 6 раз допты тартып алды, 10 рет пастарды тоқтатты және 100% көрсеткішпен барлық жекпе-жектерде жеңіске жетті. Ойын Индексі – 226.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Тимур Досмағамбетов, «Ордабасы».
 
«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Досмағамбетов, әріптесі Фонтанелло секілді, біздің символикалық құрамаға екінші рет кірді. «Қызыл-Жармен» болған кездесуде ол қарсылас айып алаңына 5 рет дәл пас шығарып, 6 рет допқа таласта жеңді (67% тиімділік), 2 рет маңызды пас жасады және 65% көрсеткішпен дал пас жасады. Ойын Индексі – 226.
 
Орталық жартылай қорғаушы: Исламбек Қуат, «Қайрат»; Ника Квеквескири, «Тобыл».
 
Қуат Индекс көрсеткіш бойынша қорғана білетін жартылай қорғаушылар арасында үздік атанды. Хавбек 4 рет пастарды тоқтатты, 3 рет допты тартып алды және 64% жекпе-жектерде жеңіске жетті. Бір рет Қуат қарсылас қақпасына соққы жасады, бірақ «Атырау» қақпашысы өз командасын голдан аман алып қала алды. Ойын Индексі – 252.
 
«Тобылдың» грузиялық ойыншысы Квеквескири шабуылда да, қорғаныста да өзін көрсете білді. Ника ойын барысында 1 маңызды пас жасап, 18 рет допқа таластарда жеңімпаз атанды - 72% тиімділік, 8 рет қарсыласты алдай алды және 3 рет топты тартып алды. Екі рет ол қарсылас қақпасына дәл соққы жасады. Квеквескиридің пас дәлдігі - 72%. Ойын Индексі – 244.  
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Ян Вороговский, «Қайрат».
 
Біздің тізімге екінші рет кірген Вороговский «Қайраттың» «мұнайшылар» қақпасына салған екінші голдың авторы атанды. Және де ойыншы қарсылас айып алаңына 5 рет пас жасады (50% тиімділік), 64% допқа таласты жеңді және 4 рет сәтті дриблинг жасады. Ойын Индексі бойынша -302 – Вороговский турдың үздік ойыншысы атанды.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Исаэль Барбоса, «Қайрат».
 
Алматылық команданың бразилиялық ойыншысы өзін дриблинг жағынан жақсы көрсетті – ол қарсыласты 8 рет сәтті алдады. Сонымен қатар, Исаэль 4 маңызды пас жасады, 6 рет айып алаңына пас шығарды, бір рет қақпаға соққы жасады және 12 жекпе-жекте жеңіске жетті (63% тиімділік). Ойын Индексі – 297.
 
Шабуылшы: Уго Сильвейра, «Қайрат».
 
Сильвейра ойын Индексі бойынша шабуылшылар арасында үздік атанды. Ол 6 рет қарсылас қақпасына соққы бағыттады, олардың ішінде 4 тура болды. Және де 2 маңызды пас жасап, 10 таласта жеңімпаз болды (56% тиімділік), екі рет допты тартып алды. Уго Қазақстан Чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Оның ойын Индексі – 231. 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4482 )