РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар18 наурызда футболдан Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі басталады

15 Наурыз 2018, 10:26
Бұл кезеңде турнирге Бірінші Лига, Екінші Лига және 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған әуесқойлар арасындағы жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен екі ұжым қатысады.
 
18 ақпанда болған жеребе нәтижесімен келесі топтар құрылды:
 
А тобы
"Оқжетпес" (Көкшетау қ.)
"ОСДЮСШОР - Жас Ұлан" (Шымкент қ.)
"Оңтүстік" Академиясы» (Шымкент қ.) 

В тобы
"Мақтаарал" (Атакент а., Мақтаарал ауданы, ОҚО)
"Рузаевка" (Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, СҚО)
"ЦСКА" (Алматы қ.) 
 
С тобы
"Қыран" (Шымкент қ.)
"СДЮСШОР №8" (Астана қ.)
"Каспий" (Ақтау қ.) 
 
D тобы
"Тараз" (Тараз қ.)
"Екібастұз" (Екібастұз қ.)
"Алтай" (ШҚО)
"Ақ-Бет" (Павлодар қ.) 
 
Іріктеу кезеңінің ойындары 2018 жылдың 18 және 26 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан стадиондарда өтеді. Ойындар күнтізбесі сілтеме арқылы көруге болады.
 
Келесі кезеңге, 1/8 финалға, топтардың жеңімпаздары атанған 4 клуб шығады. Оларға Премьер-лига клубтары қосылмақ. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4476 )