РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Суперкубогы
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ трофейлері жанкүйерлердің назарына ұсынылады

28 Ақпан 2018, 11:47
4 наурызда «Астана Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогының алдында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының трофейлері жанкүйерлердің назарына ұсынылады.
 
Қалаған адамның Қазақстан чемпионының Тондосымен, Қазақстан Кубогымен және «Астана» мен «Қайрат» клубтары арасында кезекті рет сарапқа салынатын Суперкубокпен суретке түсуге мүмкіндігі болады.
 
Тондо және Қазақстан Кубогы елордалық стадионның Шығыс трибунасының холлында орналасса, Суперкубок көпшіліктің назарына Батыс трибунаның холлында ұсынылады. Аталған іс-шара 14:00 басталады.
 
Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында (сатып алуға сілтеме) және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4450 )