РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Спортинг» «Астанадан» басым түсті

16 Ақпан 2018, 10:05

 УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финал кезеңінің бірінші кездесуінде елордалық «Астана» португалиялық «Спортингке» ұтылды.

 
«Астана Арена» стадионында тарихи ойын өтті. «Астана» ФК алғаш рет УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде кездесу өткізді.
 
Ойынның бастапқы минуттары елордалық ұжым үшін сәтті өтті. Шайқастың 7-ші минутында Марин Томасов есепті ашты. Бірінші кезең барысында «Астана» гол соғатын бірнеше сәттерді жіберіп қойды. Қонақ команда да доп  соғуы мүмкін еді, бірақ бірінші тайм қазақстандық команда үшін жағымды есеппен аяқталды.
 
Екінші кезең біріншіге қарағанда мүлдем басқаша өрбіді.
 
47-ші минутта ойынның бас төрешісі Рюдди Бюке Ненад Эрич қақпасына пенальти қойды. Айып добынан есепті Бруно Фернандеш теңестірді – 1:1.
 
Екі минуттан кейін португал футболының жарқын таланттарының бірі, жартылай қорғаушы Желсон Мартинш, есепті еселеді. Үш миніттан кейін Сейду Думбия үшінші гол соқты.
 
Кездесі португалиялық команданың жеңісімен аяқталды – 1:3. Қарымта ойын 22 ақпанда Лиссабонда өтпек.
 
«Астана» — «Спортинг» - 1:3 (1:0)
Голдар: Томасов 7 (1:0), Фернандеш пенальтиден 48 (1:1), Мартинш 50 (1:2), Думбия 55 (1:3)
Сары қағаздар: Логвиненко 47, Бейсебеков 80, Маевский 81 — Коатес 25, Карвалью 76
Қызыл қағаз: Логвиненко 62
«Астана»: Эрич, Шомко, Аничич, Логвиненко, Шитов, Маевский, Бейсебеков, Кляйнхайслер (Станоевич 56), Томасов (Муртазаев 86), Твумаси, Деспотович (Малый 64)
«Спортинг»: Патрисиу, Коатес, Коэнтрау (Батталья 57), Пинту, Фернандеш, Акунья, Карвалью, Руис, Мартинш (Рибейру 84), Думбия (Монтеро 61), Пиччини
Бас төреші: Рюдди Бюке (Франция)

15 ақпан. Астана. «Астана Арена» стадионы. 

Фото: "Астана" ФК баспасөз-қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4438 )