РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лига ОЖЖ-да. 12 және 14 ақпан аралығындағы жолдастық кездесулерге шолу

15 Ақпан 2018, 12:35
«Ақжайық»
Оралдық клуб үш күн ішінде екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Дүйсенбі күні Владимир Мазяр шәкірттері польшаның «Сталь» командасына қарсы ойнады. Қарсылас жеңіс добын пенальтиден соғып, минималды есеппен жеңіске қол жеткізді.
Кеше «Ақжайық» өзінің екінші спаррингін өткізді. Қарсылас сербиялық «Динамо Вранье» командасы болды. Балқандық ұжым оралдық жас қақпашы Александр Удаловтың қақпасын үш рет дәл көздеп, сенімді жеңіске жетті.   
 
«Ақтөбе» 
«Қызыл-ақтар» грузиялық «Шукура» командасымен кездесіп, екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Қос команда жанкүйерлерді нәтижелі футболмен қуантты және бес гол соқты. Бұл жолы жеңіс қазақстандық командаға бұйырды – 3:2. «Ақтөбе» сапында қанжығасын майлағандар: Маркос Пиззелли, Александр Марьянович және Абат Айымбетов.
Ақтөбеліктердің соңғы ОЖЖ 19 ақпанда басталып, 5 наурызға дейін созылады. Жиын түріктердің Анталия қаласында өтпек.

 
«Қайсар»
Қызылордалық ұжым өздерінің жолдастық кездесулерін дүйсенбі күні өткізді. «Қасқырлар» 2:1 есебімен эстониялық «Левадия» командасын жеңді. «Қайсар» сапында нәтижелі соққыларды Иван Граф пен Тоқтар Жаңғылышбай жасады.
Бүгін, 15 ақпанда, Стойчо Младенов командасы кезекті жолдастық кездесуін жоспарлап қойды. Қарсылас - грузиялық «Шукура» командасы.
 

«Қайрат»
Алматылықтар кеше венгриялық «МТК» командасына есе жіберді – 0:3. Мүмкін, бұл нәтижені Карлос Феррердің ойын барысында екі құрамды ойынатуымен түсіндіруге болатын шығар.
Венгриялық клубқа қарсы команданың жаңа ойыншылары өнер көрсетті –израильдік жартылай қорғаушы Гай Ассулин және Гоудың орнын жоқтатпауға шақырылған уругвайлық Уго Сильвейра.

 
«Шахтер»
«Кеншілер» де өзінің спаррингін кеше өткізген болатын. Жоғары бәсекеде өткен кездесуде қарағандылықтар армяндардың «Бананц» командасынан басым түсті – 2:1. «Шахтерға» жеңісті команданың жаңа ойыншысы Александр Мигуновтың және түрік жерінде «кеншілердің» джокері атанған Милан Стояновичтің соққылары алып келді.     

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4436 )