РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан Суперкубогы: ескерту қағазы бойынша көшбасшылар

13 Ақпан 2018, 18:41
Қазақстан Суперкубогы үшін кездесуіне дейін аз ғана уақыт қалды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маусымды ашатын кездесудің алдында суперкубоктық ойындарда сары қағаздарға ие болған футболшыларды еске алды.  
 
2008 жылғы маусым. «Тобыл»-«Ақтөбе»: 7 сары қағаз
Кубоктық ойындар әрдайым ымырасыз өтеді. 2008 жылғы маусымдағы кездесу өте қызықты болды, себебі беделді трофей үшін сол жылдары Чемпионатта бітіспес қарсылас болған «Ақтөбе» мен «Тобыл» таласты. Ақтөбелік және қостанайлық командалар арасындағы шайқаста 7 сары қағаз көрсетілді. «Тобыл» қатарында ескертулерге ие болған Станимир Димитров, Валерий Тарасенко және Азат Нұрғалиев, ал ақтөбеліктерде 4 ойыншы жазаланды – Алексей Косолапов, Петр Бадло, Александр Митрофанов, Константин Головской. 
 
2010 жылғы маусым. «Ақтөбе»-«Атырау»: 1 сары қағаз
2010 жылғы маусымдағы суперкубоктық ойын - сары қағаздар ең аз көрсетілген екі кездесудің бірі. Бұл матчта бас төреші тек бір рет қана ескерту көрсетті, бұл сары қағаздың иегері болып «Атырау» қорғаушысы Владимир Седельников атанды.  
 
2011 жылғы маусым. «Тобыл»-«Локомотив»: 4 сары қағаз
2011 жылғы маусымда Суперкубок үшін «Тобыл» мен «Локомотив» таласты. Бұл кездесуде ескерту 4 рет көрсетілді. Ойынның бас төрешісі Айдын Рахымбаев назарына қостанайлық ұжымның футболшылары жиі ілікті – сары қағаздарды Штепан Кучера, Анатолий Богданов, Олег Щептицкий алды. «Астана» сапында тек Максим Азовский жазаланды.   
 
2012 жылғы маусым. «Шахтер»-«Ордабасы»: 5 сары қағаз
2012 жылғы маусымда бас төреші Руслан Дүзмәмбетов ойын барысында қалтасынан сары қағазды 5 рет шығаруға мәжбүр болды. Үш ескерту қарағандылық команда мүшелеріне көрсетілді – олар Андрей Порываев, Никола Василевич және Рохер Каньяс. «Ордабасыда» сары қағаз иелері болып Мохамед Арури және Александр Трайкович атанды.   
 
2013 жылғы маусым. «Шахтер»-«Астана»: 4 сары қағаз
«Шахтер» мен «Астана» арасындағы суперкубоктық кездесуде Игорь Хисамутдинов төрешілік етті. Бұл төреші протоколға 4 ескерту енгізді. «Кеншілер» сапында төрешінің назарына негативті жағынан іліккендер – Каньяс, Малый және Порываев, «Астанада» - Нөсербаев.   
 
2014 жылғы маусым. «Ақтөбе»-«Шахтер»: 3 сары қағаз
2014 жылы беделді трофей үшін «Ақтөбе» мене «Шахтер» бақ таласты. Бұл ойында голдар саны да (кездесу ақтөбелік команданың жеңісімен аяқталды – 1:0), сары қағаздар саны да аз болды. Бас төреші Дүзмәмбетов футболшыларды бар болғаны үш рет ескертті. «Ақтөбеде» Юрий Логвиненко сары қағаз алса, «Шахтер» сапында Ұлан Қонысбаев пен Александр Симчевич жазаланды.  
 
2015 жылғы маусым. «Астана»-«Қайрат»: 1 сары қағаз
Таң қалдырарлық жағдай: 2015 жылғы Суперкубок үшін ойында «Астана» мен «Қайрат» кездескеніне қарамастан, сары қағаз бар болғаны бір рет пайдаланылды. Бұл шайқастың бас төрешісі, швед Йонас Эрикссон қалтасындағы ескертуді елордалық команданың қорғаушысы Марин Аничичке ғана көрсетті. 
 
2016 жылғы маусым. «Астана»-«Қайрат»: 7 сары қағаз
Бұл жылы ойын барысы керісінше өрбіді. Кездесу қызықты өтіп, ойын соңына дейінге пенальти сериясына дейін созылды. Ал матчтың бас төрешісі Равшан Ирматов ескерту қағазын 7 рет пайдаланды. Елордалық команданың сапында Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс және Патрик Твумаси жазаланса, алматылықтарда сары қағаз иелері: Маркович, Тесак, Тимощук және Гоу.  
 
2017 жылғы маусым. «Астана»-«Қайрат»: 6 сары қағаз
2017 жылы алдынғы маусымдағы суперкубоктық кездесудің тенденциясы қайталанды. Ойынның бас төрешісі, қарағандылық арбитр Артем Кучин сары қағаз беру жағынан мүлдем қысылмады – «Қайрат» ойыншылары да, «Астана» ойыншылары да үш реттен ескертуге ие болды. Елордалық ұжым қатарынан ойыннан кейінгі хаттамада «Ескертулер» графасында Маевский, Шомко және Логвиненконың есімдері жазылды. Ал «Қайрат» командасында жазаға ие болғандар – Қуат, Аршавин және Маркович. Сонымен қатар, бұл суперкубоктық ойын «Қайрат» ойыншысы Исламбек Қуаттың екінші сары қағаз алуымен ерекше болды.  
 
Суперкубоктық ойындарда (2008 жылғы маусымнан бастап) ескертулерге ие болған ойыншылар: 

1.Каньяс – 3 сары қағаз 

2-5. Порываев, Логвиненко, Шомко, Маркович –  2 сары қағаздан 

6-32. Димитров, Тарасенко, Нұрғалиев, Косолапов, Бадло, Митрофанов, Головской, Седельников, Кучера, Богданов, Азовский, Щептицкий, Василевич, Арури, Трайкович, Малый, Нөсербаев, Қонысбаев, Симчевич, Аничич, Твумаси, Тесак, Тимощук, Гоу, Маевский, Қуат, Аршавин – 1 сары қағаздан. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4433 )