РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лига ОЖЖ-да. 5 және 11 ақпан аралығындағы жолдастық кездесулерге шолу

12 Ақпан 2018, 19:46

 «Ақжайық»

 «Ақжайық» екінші оқі-жаттығу жиындарының басынан бар болған екі жолдастық кездесу өткізді. 7 ақпанда оралдықтар венгриялық «Дьер ЭТО» командасына есе жіберді – 0:1, содан соң армениялық «Бананц» командасымен тең түсті – 1:1. Армяндармен болған ойында «Ақжайық» сапында онбірметрлік айып добын Иван Матяж соқты. Украиналық ойыншы қаралымда жүр.
 
«Ақтөбе»
Аптаның басында Владимир Муханов командасының қарсыласы грузиялық «Торпедо» командасы болды. Кездесу «Ақтөбе» үшін оңайға соқпады, бірақ қазақстандық команда жеңіске жетті – 2:0. Алдымен грузиндер өз қақпаларына доп соқты, содан кейін Абат Айымбетов жылдам шабуылды пайдаланып, есепті еселеді.
Келесі ойында «қазыл-ақтар» венгриялық «Диошдьер» клубымен тең түсті. Есеп – 1:1. Ақтөбелік команда сапында голды Хрвое Миличевич соқты.   
 

«Астана»
Елордалық ойыншылар «Спортингпен» кездесу қарсаңындағы соңғы жиынды өткізді. ОЖЖ бар болғаны екі жолдастық ойын жоспарланды – екеуіде қытайлық командаларға қарсы.
Бірінші ойында елордалық ұжымға «Ляонин Хувин» командасы қарсы тұрды. Бұл кездесу 6:0 есебімен елордалықтардың пайдасына аяқталды – голдарды Перцух, Зайнутдинов, Щеткин, Мұртазаев, Деспотович және Томасов соқты.

Екінші кездесуде «Астана» «Шаньдун Лунэн Тайшаннан» басым түсті. Бірақ бұл ойында алдынғы кездесуге қарағанда үш допқа кем соғылды – 3:0. Доптарды Логвиненко, Деспотович және Перцух салды. 

«Атырау»

«Мұнайшылар» өткен аптаның басында алдымен ресейлік «Кубань» командасымен өз дайындықтарын тексерді. Ойын нәтижесімен қарсылас басым болды – 0:2. Үш күннен кейін «Атырау» минималды есеппен даниялық «Кеге» командасын жеңді – 1:0. Жалғыз допты пенальтиден Никола Максимович салды. 

«Жетісу»
Талдықорғандықтар жолдастық кездесуде черногориялық «Зетаны» жеңді. Ойын өте тартысты өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Екі күнннен кейін Огай шәкірттері сербиялық «Рад» клубын ойсырата жеңді – 4:0. Жеңісті «жетісуліктерге» Кейта, Қожамберді, Хромцов және Бойович сыйлады.  
Үшінші ойынды «Жетісу» санкт-петербургтық «Динамоға» қарсы ойнады. Талдықорғандық команда бір доп айырмасымен жеңді – 1:2. 
 

«Ертіс»
Павлодарлық ұжым өзінің спаррингін аптаның ортасында өткізді. «Ертіс» бір күнде екі ойын өткізуге шешім қабылдады. Күннің бірінші бөлігінде «Ертіс» венгриялық «Мезёкёвёшд» командасымен күш сынасып, тең тарқасты – 0:0, кешке павлодарлықтар 1:0 есебімен «Тосно» командасын жеңді. Жеңіс добының авторы болып команданың жаңа шабуылшысы Фуад Салами атанды.  
 
«Қайсар»
Қызылордалықтар ОЖЖ-да жолдастық кездесулерді өткізу жағынан ең белсенді командалардың бірі болып табылады. Өткен аптада Стойчо Младенов жігіттері үш кездесу өткізді.
6 ақпанда «қасқырлар» екі ойынға қатысты – «Царское Село» (Болгария, Екінші лига) және «Олимпиец» (Ресей, ФНЛ) қарсы. Болгариялық командамен «Қайсар» тең түсті – 1:1. Қазақстандық команданың сапында айып добынан гол салған Мақсат Байжанов. Екінші ойында қызылордалықтар «Олимпийцке» есе жіберді – ресейліктер 4 гол соқса, «қасқырлар» екі доппен жауап қайтарды.
Үш күннен кейін «Қайсар» екінші ОЖЖ-дағы үшінші ойынын өткізді. Қарсылас – украиналық «Олимпик». «Олимпик» біздің команданың қақпасына жауапсыз екі гол соқты – есеп 0:2.     
 
«Қызыл-Жар СК»
Петропавлдықтар басқа клубқа қарағанда өздерінің кезекді жиындарына енді кірісті. «Қызыл-Жардың» екінші ОЖЖ-дағы бірінші қарсыласы грузиялық клуб – «Самгурали». Қазақстандықтар екі бұрыштама добын сәтті пайдаланып, жеңіске жетті – 2:0. Өз қанжығаларын Олжас Алтаев пен Овье Мандай майлады.
«Қызыл-Жардың» келесі жолдастық кездесуі 18 апқанға жоспарланған. 
 

«Тобыл»
Селекциясын аяқтап қалған қостанайлық «Тобыл» 5 және 11 ақпан аралығында екі ойын өткізуді мақсат қойды.
Бірінші жолдастық кездесуде Владимир Никитенко «Томь» командасымен тең түсті – 0:0. Кешегі өткен екінші ойында қостанайлықтар 3:1 есебімен чехиялық «Тршинец» командасынан басым болды. «Тобылға» жеңісті сыйлаған Бауыржан Тұрысбек, қаралымда жүрген Антон Шиндер және Жасұлан Молдақараев.    
 

«Шахтер»
«Кеншілер» өздерінң жолдастық ойындарын өткен аптадағы демалыс күндері өткізді.
Ойын күнінің бірінші жартысында қарағандылықтар «Ақжайықты» «ренжіткен» «Дьер ЭТО» клубымен күш сынасты. «Шахтердің» бас бапкері Владимир Журавель венгрлерге қарсы ойынға қосалқы құрамды шығаруға шешім қабылдады. Ойынның нәтижесі «кеншілерді» қуантпады – мадиялар 2:1 есебімен жеңіс дәмін татты. «Шахтердің» жалғыз голын Айдос Таттыбаев соқты.
Сол күннің кешінде «Шахтер» грузиялық «Самтредиа» клубымен екінші жолдастық кездесу өткізді. Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Кездесудің қаһарманы болып Милан Стоянович атанды. Серб қос доптың авторы атанды.    
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4431 )