РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лига ОЖЖ-да. 1 және 4 ақпан аралығындағы жолдастық кездесулерге шолу

05 Ақпан 2018, 18:23
Отандық клубтар кезекті Чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңіне көшті. Көпшілік командаларда ақпан айындағы оқу-жаттығу жиындары басталды. Өткен демалыс күндері Қазақстан Премьер-лига командаларының жолдастық кездесулеріне шолу ұсынамыз.  
 
«Ақтөбе»
Төртінші ақпан күні ақтөбеліктер Босния және Герцеговина мемлекетінің «Слобода» командасымен кездесу өткізді. Екінші түркиялық ОЖЖ-дағы ойын балкандық ұжымның жеңісімен аяқталды – 0:2.
7 ақпанда «қызыл-ақтар» грузиялық «Торпедоға» қарсы өздерінің екінші спаррингін жоспарлаған.          
 
«Астана»
3 ақпанда еліміздің чемпиондары БАӘ-де екінші оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Алғашқы спаррингте елордалық команда швециялық «Хеккен» командасымен кездесіп, өздерінің дайындықтарын тексерді.
Эрич қақпасына екі жауапсыз доп соғып, бұл кездесуде жеңіске швециялық ойыншылар жетті. «Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов өткен аптада Сауд Аравиялық «Аль-Наср» клубына ауысқан өзінің негізгі шабуылшысы Джуниор Кабанангасыз алғашқы кездесуді өткізді.  
 
«Атырау»
 «Мұнайшылар» ақпан айының алғашқы күндерінде украиналық «Черноморецке» қарсы өздерінің кезекті жолдастық кездесулерін өткізді. Атыраулық жанкүйерлердің өкінішіне орай бұл кездесуде жеңіске одессалық команда жетті – 1:3. «Атырау» сапында жалғыз голдың авторы болып ұжымның жаңа ойыншысы Аденидже Бабатунде атанды.
5 ақпада Вахид Масудов жегіттері өздерінің екінші жолдастық кездесулерін жоспарлаған. Қарсылас ретінде ресейлік «Кубань» командасы таңдалды.   

«Жетісу»
«Жетісу» Түркия жеріндегі жоспарланған екінші жолдасдық кездесуін өткізді. Қарсылас ретінде Укриана чемпионатның «Верес» ортаңқол командасы таңдалды. 90 минут ішінде командалар қақпасына доп соға алмады, ойын 0:0 есебімен аяқталды.
  
«Ертіс»
Жерард Нус шәкірттері Ресейдің бірінші дивизионының өкілі «Олимпиец» командасымен кездесті. Ойын 2:0 есебімен павлодарлық ұжымның пайдасына аяқталды. Бірінші голды өз қақпасына туралаған ресейлік команданың қорғаушысы соқты, ал екінші допты павлодар футболының түлегі Әлібек Аяғанов өз атына жазды. 

«Қайрат»
Алматылықтар кеше өзінің жолдастық кездесуін өткізді. Бұл ойын бірінші түркиялық ОЖЖ-ның тұйықтады. «Қайрат» ойыншылары 0:1 есебімен сербиялық «Вождовац» командасына есе жіберді. Бірақ, бұл ойында алматылықтардың бас бапкері Карлос Феррерге ОЖЖ-на қатысқан барлық ойыншылардың дайынтыған тексеруге мүмкіндік болды.    
 
«Қызыл-Жар СК»
Премьер-лиганың жаңа қатысушысы бір күннің ішінде екі құрамды тексеру мақсатында қос ойын өткізуге шешім қабылдады. 4 ақпанның бірінші бөлігінде Никола Спасов жігіттері қиындықсыз тулалық «Арсеналдың» жастарын 3:0 есебімен жеңді. Ресейлік команданың қақпасына голдарды Бошко Ступич, Тимур Мульдинов және Георгий Дубков соқты.
Сол күннің екінші бөлігінде «Қызыл-Жар СК» екінші жолдастық кездесуін өткізді. Қарсылас армяндық «Алашкерт» болды. Бұл ойын да 3:0 есебімен аяқталды. Соғылған голдарды өз қанжығаларына жас Дмитрий Савченко, команданың грузиялық жаңа ойыншысы Шота Григалашвили және қаралымда жүрген ойыншы соқты.      
 

«Тобыл»
Владимиир Никитенко командасы жолдастық кездесуді Ресей Премьер-лигасының өкілі «Анжи» командасына қарсы өткізді. Кездесу тартысты өтті және ресейліктердің пайдасына аяқталды – 0:1. Дмитро Непогодовтың қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы болып аргентиналық Хуан Лескано атанды.
8 ақпанда қостанайлық командада кезекті жолдастық кездесу жоспарланған. Қарсылас ретінде «Томь» ФК таңдалды.  
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4423 )