РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ мүшелерінің Жалпы жиналысы өтті

22 Қаңтар 2018, 12:55

Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің Жалпы жиналысы өтті.

Клуб жетекшілері 2018 жылы алғаш рет кездесті. Күн тәртібінде көптеген сұрақтар қаралды. Оның ішінде жаңа маусым мен ҚКФЛ жұмысының ұйымдастыру жұмыстары енді.

Лига мүшелері Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне сайланған Азамат Айтқожиннің Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті қызметінен кетуінен бірауыздан мақұлдады.

Бос орынға футбол клубтарының жетекшілері қазақстандық футболда жұмыс тәжірибесі мол Олжас Абраевты таңдады.

2018 жылғы маусымда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткізетін турнирлердің регламенттері келісіліп, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне ұсынылды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері Қазақстан Республикасының Суперкубогын өткізу мерзімін 2018 жылдың 4 наурыз күніне бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаты мен ҚР Кубогының иегері кездесіп, жаңа маусымның ашылу салтанаты өтетін орын Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионы деп таңдалды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4418 )