РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарИСЛАМБЕК АСАН: ЕКІНШІ ЛИГАНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

11 Желтоқсан 2017, 19:46
Екінші лиганың үздік қақпашысы атанған "Алтай" ФК ойыншысы Исламбек Асан Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтының сұрақтарына жауап беріп, өткен маусым туралы өз пікірімен бөлісті.
 
- Сізді "2017 жылғы маусымның Екінші лиганың Үздік қақпашысы" номинациясанда жеңіске жетуімен құттықтаймыз! Бұл жетістік туралы қайдан естідіңіз және реакцияңыз қандай болды?  
- Бұл жаңалықты хабарлағанда мен қалада серуендеп жүрдім. Мессенджер чатында бұл туралы маған команданың әкімшісы жазды. Үздік қақпашы атанамын деп ойламаппын. Бәсекелестердің ойынын қарадым ба? Олай айта алмаймын. Көбісі қоңырау шалып, құттықтады. Олардың ішінде достарым да, тумаларым да болды. Басқа командаларда өнер көрсеткен бұрынғы әріптестерімде хабарласты.  
 
 
- "Алтай" өткен маусымда бірінші орынға қол жеткізді. Бұл нәтижеге қол жеткізу қиын болды ма?
- Бізге қарсы әрбір команда соңғы шайқасқа дайындалғандай болды. Қарсыластардың әрбір ойыншысы біздің командаға жоғары деңгейде өнер көрсете алатындығын дәлелдегісі келеді. Себебі болашақ маусымда "Алтай" Бірінші лигада ойнайтындығы түсінікті болды. Бізде тамаша ұжым құрылды - тәжірибелі және жас ойыншылардың қоспасы.  
 
- Өткен маусымдағы ең қиын ойынды атап өте аласыз ба?
- "Қайрат Ж"-ға қарсы сырт алаңда болған ойынды атап өте аламын. Біздер 0:1 есебімен ұтылып жатырдық, бірақ кейін қарымта гол соқтық. Бұл ойында бізге ұпайлап керек болды, сол себепті біздер ойынды жеңіске дейін жеткіздік.
 
- Екінші лиганың деңгейі қандай?
- Екінші лиганың деңгейі таң қалдырды. Менің ойымша, Бірінші лигадан айырмашылығы үлкен емес. Әрине, Премьер-лига туралы айта алмаймын. Аспан мен көктей. Ол жақта жалдамдықтар да, ойыншылардың деңгейі де бөлек.
 
 
- Сіздің пікіріңізше, қазіргі "Алтай" келесі маусымда Бірінші лигада қандай мақсаттар қоя алады?
- Үшінші-төртінші орыннан төмен болмаймыз деп ойлаймын.  
 
- Командада Ануар Сапарғалиев сияқты бәсекелес бар. Ол сізден екі жас кіші және де өткен маусымда 13 ойын өткізді. Ол туралы не айта аласыз?
- Маусымның алдында бапкерлік штаб бізге: әрқайсың екі ойыннан ойнайсыңдар, сол кезде екеуіңде де 15 кездесуден болады деген еді. Мен маңызды ойын санын өткізгеннен кейін қақпаны маған сеніп тапсырды. Бізде маусым ортасында келген жас Рахат Мавликеев бар. Ол салмақты, ынталы және адамгершілік қасиеттері тамаша қақпашы. Біздерде, қақпашыларда, қарым-қатынас өте жақсы болды. Біздер әрқашан бір-бірімізді қолдап тұрдық. Туған жерім алыс болғандықтан, олардың қолдауы маған ыстық болды.
 
- Сіздің командада көшбасшы кім?
- Команда капитаны сияқты тәжірибелі Евгений Коструб және Денис Щеткин тәрізді ойыншылар бар. Сонымен қатар, Евгений Нохрин және Даурен Кәйкібасов сынды жігіттерді де атап өте аламын.
 
- Футболға алғаш рет келген күніңіз есіңіз де ме?
- Футбол секциясына мен ағаммен бірге келдім. Бұл Шымкентте болған. Қақпаға бірден тұрған жоқпын. Алдымен орталық жартылай қорғаушы болып ойнадым. Бірақ сол кездері біздің қақпашы жаттығуларға келмей қалды. Мен қақпаға тұруға деген ынтам болды. Осылайша мен қақпашы болып кеттім.
 
 
- Сізде үлгі тұтатын қақпашы бар ма?
- Петр Чехты ерекше атап өте аламын. Оның ойыны маған әрдайым ұнайды. Ол - нағыз жауынгер, қақпада аянбай ойнайды.
 
- "Алтай" өз алаңындағы ойындарды Семейде де, Өскеменде де өткізген болатын. Сіздің команданы екі қалада да бірдей қолдады ма?
- Бізге екі қалада ойнау ұнады. Өскеменде жанкүйерлер әр ойыннан кейін бізге алғыс айтатын еді, ал біздер олардың қолдауына риза болдық. Семейдегі стадионда да жанкүйер аз жиналмайды.
 
- Сергей Тимофеевпен жұмыс жасағаннан қандай әсерде қалдыңыз?
- Ойыншы мансабы кезінде ол қатты, нағыз жауынгер болды. Ал өмірде қарапайым, ашық жүзді, әрдайым қолдау көрсетеді, көңіл көтереді.
 
 
- Болашық маусымда қай командада өнер көрсетесіз?

- "Алтаймен" келісімшарт аяқталды. Әзірше ешқандай ұсыныстар түскен емес. Жаңа маусымда "Алтай" құрамында ойнағым келеді. Жаңа маусымға дайындықты Шымкентте жүргізіп жатырмын.   

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4397 )