РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖеребені күтуде. Еуропа Лигасының 1/16 финалында "Астанаға" қай команда түсуі мүмкін?

09 Желтоқсан 2017, 20:08
Елордалық "Астана" чехиялық "Славияны" 1:0 есебімен жеңіп және "Вильярреалдан" бір ғана ұпайға қалып қойып, топта екінші орынға ие болды.  
 
Бұл жетістік - қазақ футболының тарихында алғаш рет топтық кезеңнен сүрінбей өтуі. 11 желтоқсанда УЕФА штаб-пәтерінде Еуропа Лигасының 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді.
 
Командалар екі себетке бөлінді. Бірінші себетте Еуропа Лигасында өз топтарының жеңімпаздары атанған командалар және Чемпиондар Лигасында өз топтарында үшінші орын алған үздік төрт команда. Екінші себетте Еуропа Лигасының топтарында екінші орынға ие болған командалар және Чемпиондар Лигасының үшінші орын алған қалған ұжымдар жиналған. Айта кететіні, өтіп жатырған маусымда топтық кезеңде бір-біріне қарсы өнер көрсеткен және бір қауымдастықтың командалары кездесе алмайды алмайды.  
 
Бірінші себеттегі тізімде "Астананың" барлық ықтимал қарсыластары орналасқан:
«Арсенал» (Англия), «Аталанта» (Италия), «Атлетик» (Испания), «Атлетико" (Испания), «Брага» (Португалия), «Виктория» (Чехия), «Вильяреал» (Испания), «Динамо» Киев (Украина), «Зальцбург» (Австрия), «Зенит» (Ресей), «Лацио» (Италия), «Лейпциг» (Германия), «Локомотив» (Ресей), «Милан» (Италия), «Спортинг» (Португалия), ЦСКА (Ресей).
 
Екінші себетте "Астанадан" бөлек келесі командалар жиналған:
АЕК (Греция), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Копенгаген» (Дания), «Лудогорец» (Болгария), «Лион» (Франция), «Наполи» (Италия), «Ницца» (Франция), «Олимпик» (Франция), «Партизан» (Сербия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Селтик» (Шотландия), «Спартак» (Россия), «Стяуа» (Румыния), «Црвена Звезда» (Сербия), «Эстерсунд» (Швеция).
 
116 финал ойындары 15 және 22 ақпанда өтеді. "Астана" екінші себеттегі команда болғандықтан Ережеге сәйкес бірінші ойынды өз алаңында өткізеді.
 

"Астана" "Славиядан" басым түскеннен кейін УЕФА клубтар рейтингінде 72 орыннан 67 орынға көтерілді.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4394 )