РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСлавия-Астана: қарсылас және Қазақстан чемпиондарының мақсаты туралы

05 Желтоқсан 2017, 13:36

7 желтоқсанда барлық Қазақстан футбол үшін маңызды ойын өтеді. "Астана" А группасынан Еуропа Лигасының 1/16 финалына екінші орыннан шығу үшін прагалық "Славияны" ұтуға тырысады.  

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Прагадағы ойынның қарсаңында "Славия" мен "Астананың" кездесуі туралы айтады.
 
Қарсылас
"Славия" - Чехияның атақты және белгілі клубтарының бірі. Бұл елдің көптеген жанкүйерлері "ақ-қызылдарды" қолдайды. Клубта танымал және тәжірибелі ойыншыларды шақыруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндіктердің негізінде "Славия" 2016/2017 жылдардағы маусымда Чехияның чемпионы атанды.  
 
 
Қақпашылар туралы айтатын болсақ, бұл жерде Ян Лаштувкаға тоқталып кету тиіспіз. Кезінде донецкілік "Шахтердің" намысын қорғанан қақпашы Петр Чех, Яромир Блажек, Антонин Кински, Томаш Вацлик және басқада талантты қақпашылар бар жылдарда өз еліннің ұлттық құрамасының бірінші нөмірі атана алмады. Бірақ 35 жасар қақпашы шетелде біраз өнер көрсетті. Украинада ("Шахтер" мен "Днепр") болған ұзақ іссапарларден бөлек Лаштувка неместердің Бундеслигасында "Бохумда" және ағылшындық Премьер-лигасында ("Фулхэм" және "Вест Хэм") өнер көрсеткен тәжірибесі бар. Астанада болған топтық кезеңнің бірінші ойынында Янның бәсекелесі Пршемыслав Коварж ойнады.
  
Прагалық команданың тізімінде: Украина құрамасының ойыншысы Эдуард Соболь, ивуарлық ойыншы Симон Дели, чехиялық доп шеберлері Яр Боржил, Якуб Югас және Иржи Билек есемдер бар. Бірақ жергілікті ойыншылардың көбісі тәжірибесіне қарамастан Чехия ұлттық құрамасында ойнамаған.
 
 
Жартылай қорғаушыларға келер болсақ, бұл тізімде жұлдыздар жеткілікті. Олар: Ресейде атағы шыққан португалдық Мигель Данни, Турция құрамасының бұрынғы ойыншысы Халил Алтынтоп, камерундық Нгаду-Нгаджи, сонымен қатар ағылшындық "Челси", голландиялық "Твенте" және түріктердің "Фенербахче" командаларында ойнаған Мирослав Стох. Соңғы аталған ойыншыдар көп күткен, себебі ол - Словакия құрамасының Марек Гамшик және Роберт Мак сияқты көшбасшы ойыншысы. "Славия" Стох үшін өзінің мансабын дұрыс жолға қояға мүмкіндің беретін клуб, себебі ол қазір бар болғаны 28 жаста. Ал Данни, Алтынтоп және Ротань сынды ойыншылардың жасы 30-дан асқан. Дегенмен, осындай тәжірибелі ойыншылардың көмегі "Славияның" бас бапкері Ярослав Щилгавеге тиетіні анық.   
 
 
 
Команданың мақтанышы - капитан Милан Шкода. Былтырғы жылғы маусымда ол Чехия чемпионатында 15 доп соқты, ал осы маусымда оның қоржынында 8 доп бар. Мамандардың пікірінше, Шкода өз отанында тек жергілікті клубтардың намысын қорғап, ұзақ уақыт отырып қалды. Миланға шетелдік клубтар құда түскен, алайда ол команданы ауыстыруға асықпайды. Ол - "Славия" жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы, бұл факт көп сұрақтарға жауап береді.  
 
Оның қасында ЦСКА-ның бұрынғы шабуылшысы Томаш Нецид ойнайды. Нецид Стох секілді 2013 жылы Еуропа Лигасында ПАОК құрамында қазақстандық клубқа қарсы өнер көрсетті ("Шахтерға" қарсы). Бойы ұзын 28 жасар шабуылшы Еуропаның көптеген клубтарында болып, жанына жағатын команда таба алмады. Ресейлік ЦСКА сапында Нецид үнемі ойнап тұратын еді, бірақ оның статистикасы ешкімді қуантпады. Жақсы жағынан Томаш өзін Голландия мен Турцияда көрсете білді, бірақ Польша чемпионатында жолы болмады. Нецид "Славиямен" келісмшартқа жақында отырды, алайда ол осы уақытқа дейін бірнеше маңызды голдар соғып үлгерді.
 
"Славияның" бас бапкері Ярослав Щилгава өз елінде атағы шыққан маман болып саналады. Ол ұлттық чемпионаттың алтын медальдарына екі рет ие болған - 2012 жылы "Слованмен" және өткен маусымда қазіргі командамен.
 
Параллель өткізе келе
Чехиялық және қазақстандық клубтар бір-бірімен бірнеше рет кездескен. Либерец қаласының "Слован" командасымен біздің клубтар төрт рет кездескен. Егер 2007 жылы қостанайлық "Тобыл" Интортото Кубогында чехиялық команданы оңай өте білсе, 2012 жылы "Славияның" қазіргі бапкері Ярослав Щилгава Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде екі ойындық текетіресте "Шахтердан" басым түсіп, Қазақстаннан реванш алды.
 
Сонымен қатар 2003 жылы қазіргі уақытта құлдыраған "Виктория Жижков" екі рет "Женісті" жеңді.  
 
 
Ұлттық құрамалар деңгейінде Қазақстан мен Чехия екі рет кездескен. 2014 жылы чехтар "Астана Арена" стадионында, кездесу барысында екі доп жіберіп, біздің командадан қиындық көрді. Қос доптын авторы болып Логвиненко атанды. Келесі жылы ол кезде "Ақтөбенің" намысын қорғап жүрген Юрий Чехия құрамасының қақпасына тағы гол соқты, бірақ біздің команда жеңіске жете алмады - 1:2. Чех құрамасымен болған үшінші ойындада Логвиненко тағы да көзге түсті. Қызықтысы "Астана" мен "Славия" арасында болған бірінгі кездесуде Логвиненко қызды болды, бірақ бұл тамаша хабарды ол тек ойыннан кейін естіді.
 
Кезінде кі клубтыңда тізгінін ұстаған Мирослав Беранектіде ерекше атап өту керек. "Славияда" да, "Астанада" да чехиялық маман өзінен кейін жақсы пікір қалдырды.
 
Өтетін орны
"Славия" мен "Астананың" арасындағы кездесу "Эден Арена" стадионында өтеді. Бұл аренаға жиырма мыңнан аса көрермен сияды. Кей кездері бұл стадионда өзінің ойындарын Чехия ұлттық құрамасыда өткізіде.
 
 
2013 жылдың тамыз айында "Эден Аренада" немістердің "Бавариясы" мен ағылшындық "Челси" арасында УЕФА Суперкубоыгының ойыны өтті.  
 
Ең маңызды ойын
"Славиямен" болатын ойынға Прага қаласына Қазақстан чемпионы уақытынан бұрын аттанды. Чехия астанасында олар екі апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізді. 2 желтоқсанда Станимир Стоилов командасы "Жеңісті" ренжіткен "Виктория Жижковтан" реванш алды. Чехиялық команда 3:1 есебімен жеңілді, бұл кездесудегі бір допты "Астананың" жаңа ойыншысы Юрий Перцух соққан. Стоилов бұл ойында мықтыларға демалыс беріп, құрамдағы басқа ойыншыларға тәжірибе берді, солардың ішінде Бактиер Зайнұтдиновта болды.  
 
 
 
"Астана" үшін алдағы ойын өте маңызды, себебі команда отандық футболдың тарихында бірінші рет топтық кезеңнен сүренбей өтуі мүмкін. Қарсылай осал емес, бірақ біздің жігіттерде намысты қолдан оңай бере қоймайды. Ендігі Прагада жан беріп ойнап, алағ иелерімен шайқасқа дайын болу керек. Ақтық нәтиже қол жетімді. Алға, "Астана"! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4389 )