РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстана ФК - ҰОК нұсқасы бойынша жылдың Үздік командасы!

01 Желтоқсан 2017, 11:17

Қазақстанның Ұлттық олимпиялық комитеті және "Хабар" Агенттігінің 2017 жылғы Ұлттық спорттық сыйлығымен бірігіп ұйымдастырылған "Жылдың үздік командасы" номинациясында "Астана" футбол клубы жеңіске жетті. 

Номинацияның жеңімпазы ҰОК-нің сайтында қараша айында өткізілген ашық сауалнама арқылы анықталды.

"Астана" ФК атынан премияны салтанатты рәсімде кезінде клубтың Атқарушы директоры Қайсар Бекенов алды. Елордалық клуб өкілін "Халык Каhарманы" атағының иегері, азаматтық әуе жолдарының ұшқышы Дмитрий Родин, сонымен қатар танымал қазақстандық гимнаст, Азия ойындарының және Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Алия Юсупова марапаттады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Астана" ФК 2017 жылғы маусымда сәтті өнер көрсету арқасында  халықтың лайықты мойындауына ие болуымен құттықтайды! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4384 )