РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕкінші дубль. Карлос Алос Феррер Қайратпен келісімшартты екі жылға жалғастырды

29 Қараша 2017, 15:52

Алматылық "Қайрат" испандық маман Карлос Алос Феррермен жаңа келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты бұл маманның еліміздегі жұмысы туралы толығырақ айтып береді.

Алматылық команданың тізгінін Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бас бапкері шілде айының аяғында ұстап, жаңа жұмыс орнында 14 ойын өткізіп үлгерді. Испандық бапкердің келісімен "Қайрат" 13 кездесуде жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Әзірше Феррердің бас бапкердің орнындағы басты жетістігі - Қазақстан Кубогында жеңіске жеткендігі. Қазан айында болған финалда алматылық "Қайрат" жеңіске басты үміткер болсада, "Атырау" бәсеке дайын болды. "Мұнайшылар" ойынның аяғына дейін күресіп, қарсыласқа төтеп берді. Жерар Гоудың салған добының арқасында алматылық ұжым жеңіске жетті. Бұл голда бас еңбек доп үшін аяғына дейін таласқан және ивуарлық шабуылшыға доп соғуға мүмкіндік жасаған Александр Соколенконікі.       

Карлос Алос Феррер жастарға сенім білдіретін және оларды құрамға енгізуге қорықпайтын маман ретінде аты шыққан. Жас ойыншыларды шайқасқа жебере отырып тәуекелге барған, бірақ бұл қадам ақталды. Өзінің сұхбаттарында испандық маман "Қайраттың" сапында болашағы зор жас ойыншылардың көп екендігі және олардың болашағы өздерінің қолында екендігі туралы айтып жүрді.
 
- Бізде Қазақстандағы ең үздік академия және үш команда бар: негізгі құрам, "Қайрат А" және "Қайрат Ж". Бұл ойыншылар көмегін тигізді. Мысалы, Магомед Парагульгов негізгі құрамда сенімді ойнауда. Жастарға сенімді ақырын артамыз. Менің ойымша, қадамдарды бірте-бірте жасау керек, оларға ойыншы ретінде өсітініне сенім артамыз, - ойыннан кейінгі баспасөз-конференцияларында деді Феррер.
 
Елордада "Астанамен" болған маңызды кездесуде Венгриядан келген жартылай қорғаушы Акош Элек жарақат алып қалды. Жағдай қиын болды, бірақ испандық маман алаңға Бірінші Лигда қорғаушы орнында жас Айбол Әбікенді шығарды. Бапкердің сеніміне риза болған Әбікен бұрыштамадан бірілген пасты пайдаланып, гол соқты. Бұл гол тек қана Айболға емес, барлық командаға  психологиялық түрде көмек болды.  
 
 
"Қайратта" Феррер негізгі құрамға жақын ұстайтын болашағы бар басқада ойыншылар жеткілікті. Олар Артур Шушеначев, Рашид Люхай, сонымен қатар бұл тізімде бұрынғы бапкерлік штабтың сенімін ақтаған Ян Вороговский, Тимур Рудосельский және Ойбек Балтабаев бар. Бірінші Лигада "Қайрат А" өнер көрсететін басқа да ойыншылар алдағы уақытта өз мүмкіндіктеріне ие болатынына күмәніміз жоқ.  
 
Өзінің Қазақстандағы мансабын Карлос Феррер "Оңтүстік" академиясында бастаған, ол жерде маман екі жыл қызмет етті. Бапкер 2001 жылы туылған жасөспірімдермен жұмыс жасады. Қазақстан 17 жасқа дейінгі құрамасының бапкері болғаннан кейін, Феррер елдің түпкір-түпкірінен көптеген үміткерлерді қарады. "Тараз", "Ақжайық", "Оқжетпес" және "Ордабасы" футбол орталықтарынан талантты балалар таңдалды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының СДЮШОР № 7 , ОСДЮСШОР (Оңтүстік-Қазақстан облысы) және Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернаттан көптеген ойыншылар Феррердің қарауынан өтті. Феррер керекті маңызды ақпарат алу мақсатында әрдайым қазақстандық әріптестермен байланыста болатын. Феррердің бастауымен еліміздің жасөсіпірмдер құрамасы бірнеше пайдалы жиын өткізді, ол жиындардың нәтижесі Испанияда болған жергілікті құрдас ойыншылардан жиналған команданы жеңістері.
  
Жастармен жұмыс жасай білуі қасиеті "Қайрат" футбол клубының бас бапкерді таңдау кезінде басты факторы болды. Феррер клуб түлектерінің күшіне сүйене отырып, алматылық ұжымды еліміздің үздік клубы қылуға тырысатыны анық. Сонымен қатар, Феррер өз елінде жас ойыншылармен жұмыс жасау жағынан өзін көрсете білген. Бұл жұмыстың бағасы Алос Феррердің "Барселона" жүйесіне шақырту алуы болды. Каталониялық клубта ол халықаралық жобалардың техникалық директоры болып жұмыс жасады. Бұл бапкерде шетелде де жұмыс тәжірибесі бар - ол Гонконг пен Польшада қызмет етті.
 
Испандық бапкер бірнеше тілде сойлейді және де Қазақстанда жұмыс жасау кезінде орыс тілін үйренді.
 
Болашақ маусым өткен маусымға қарағанда қызықтырақ болатыны анық. Алос Феррер өзін қысқа уақыт ішінде нәтиже бере алатын бапкер ретінде көрсетті. Енді ол команданы жинауғаа қажетті уақытқа ие болады. Маманның "Қайратпен" жаңадан жасалған келісімшартты екі жылдық.   
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4381 )