РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Кубогы
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСергей Тимофеев - Екінші Лиганың 2017 жылғы Үздік бас бапкері!

29 Қараша 2017, 11:11

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) маусымды қорытындылауды жалғастыра отырып,  "Екінші Лиганың 2017 жылғы Үздік бапкері" номинациясының нәтижелерін хабарлайды.

Үздіктерді таңдау қағидалары өзгермеді - ҚКФЛ сауалнаманы Екінші Лига футбол клубтарының бас бапкерлері және капитандары арасында жүргізді.

Сауалнамаға жауап берушілердің әр қайсысы өз пікіріне сүйене отырып, үздік үштікті атап өтті. Орынға байланысты бапкерлерге баллдар берілді: 3 балл - 1 орын үшін, 2 балл - 2 орын үшін, 1 балл - 3 орын үшін. Қорытынды рейтинг барлық ұпайларды қосу нәтижесінде шықты.

Екінші Лига командалары арасындағы Біріншіліктің 2017 жылғы үздік бас бапкерлері:  
1. Сергей Тимофеев, «Алтай» - 56 балл
2. Тимур Үкібаев, «Атырау Ж» - 31 балл
3. Максим Шевченко, «Қайрат Ж» - 30 балл
 
Екінші Лига командалары бас бапкерлерінің дауыс беруі:
 
 
Екінші Лига командалары капитандарының дауыс беруі:
 
 
*СДЮШОР №7 және "Рузаевка" ФК капитандары сауалнамаға қатысудан бас тартты.
PFLK TV