РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБақдәулет Жүзбай: Соғылған жиырма доптың барлығы мен үшін ерекше

29 Қараша 2017, 10:53

Екінші Лиганың үздік ойыншысы атанған алматылық "Қайрат Ж" командасының шабуылшысы Бақдәулет Жүзбай Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына берген сұхбатында номинациядағы жеңісі туралы айтып берді.  

- Бақдәулет, "Екінші Лиганың Үздік ойыншысы" номинациясындағы жеңісіңіз туралы не ойлайсыз?
- Әрине, мен үшін бұндай үлкен сыйды иелену тамаша. Бұл маусымда команда болып көп жұмыс жасадық. Әріптестерімнің арқасында маған осыншама маңызды голдар соғып, бағалы сыйға ие болдым.
 
- Турнирдің үздік ойыншысы атанамын деп ой болды ма?
- Өткен маусым менің Екінші Лигадағы алғашқы маусымым болғандықтан, бұл туралы айту қиын. Маған осы сұрақты маусымның басында қойғанда, мен "жоқ" деп жауап беретін едім.
 
- Бұл номинациядағы жеңіспен сізді бірінші болып құттықтаған кім?
- Командадағы әріптестер бұл туралы БАҚ құралдарынан оқып, бірінші болып құттықтады. Шыны керек, бұл жанға жағымды хабар болды.
 
"Алтай" командасындағы Дәурен Кайкібасов және "Атырау Ж" командасындағы Наурызбек Жагоров сынды бесекелестеріңіз туралы не ойлайсыз?
- Дәурен - Біріншілікте бірінші орынға ие болған "Алтай" командасының ойыншысы, сол себептен қосатыным: ол - мықты ойыншы. "Атырау Ж" командасыда өзін жақсы көрсете білді. Шығыс қазақстандықтармен де, атыраулықтармен де ойнау оңайға түспеді, ал Кайкібасов пен Жагоров бұл командалардың құрамында ерекше көзге түсті.  
 
- Сіз Екінші Лига Біріншілігінде 20 гол соқтыңыз. Сол доптардың ішінде ерекше атап өтетіні бар ма?
- Мен өз голдарымды ерекшелемеймін. Соғылған доптардың барлығы маңызды. Ең бастысы, бұл голдар менің командама жеңіске жетіп, ұпайлар жинауға көмектесті.
 
- "Алтайдан" озу үшін не жетіспеді?
- Бұл командамен болған екі кездесуде оңай болмады. Егер сырт алаңдағы ойында қарсыласты жеңе алмасақ, өз алаңымыздағы кездесуде олармен шайқасып, тең түстік. Бірақ, менің ойымша бұл ойында біздер үш ұпайға лайықты болдық. "Алтайдың" Екінші Лигаға қатысуы Біріншіліктегі бәсекелестікті және шиеленісті арттырды.
 
- Маусымдағы ең қиын ойын?
- "Алтаймен" болған қос ойын. Аталған кездесулер оңай болмады, себебі ол семейлік ұжымда бізден жастары үлкен, тәжірибелі ойыншылар ойнайды. Соған қарамастан біздер олармен күрестік.  
 
- Өтіп жатырған маусымда сізді Қазақстан жастар құрамасының ОЖЖ шақырды. Сол жиын есте қалды ма?
- Құрамаға шақырту алу әрқашанда жағымды. Құрамаға еліміздің тек үздік ойыншылары шақырту алады. Жастар құрамасының құрамында жиынға қатысып, жолдастық кездесулерде ойнау қызықты болды. Жақын арада жастар құрамасының негізгі құрамында ойнаймын деген үміттемін.
 
- Маусым барысында сіз "Қайрат А" құрамында да ойнап үлгердіңіз. Бірінші және Екінші лигалар арасындағы айырмашылық сезіледі ме?
- Бірінші лигада, әрине, қарқын өзгеше. Шешімді тез қабылдау керек, динамикалы ойын көрсету керек және барлығын жоғары жылдамдықта жасау қажет. Өзімді бұл командада сынап көру қызықты болды.   
 
- Өзіңізді Айбол Әбікен сияқты көрсетіп, негізгі команданың құрамына өтуді мақсат қыласыз ба?
- Қазір "Қайраттың" әрбір ойыншысы бірінші командада ойнағанды қалайды. Әрине, өз алдыма осындай мақсатты қоямын. Бірақ, бұл мақсатты орындау үшін тынбай еңбек ету қажет. Өз жағымнан ол үшін бар күшімді саламын. 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4379 )