РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАйбол Әбікен: Бірінші Лига үздік ойыншы атағы менен жауапкершілікті талап етеді

24 Қараша 2017, 17:25
2017 жылғы Бірінші Лиганың үздік жас ойыншысы атанған алматылық "Қайрат А" командасының қорғаушысы Айбол Әбікен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына өзінің номинациядағы жеңісі туралы айтып өтті.
 
- Айбол, номинациядағы жеңісіңіз туралы естігенде қандай эмоцияда болдыңыз?
- Әрине, мен қуанышты болдым. Шыны керек, бұл жаңалық мен үшін күтпеген болды. Бұл номинацияда жеңіске жетемін деп ойлаған емеспін. Бұл жаңалықты маған менің ұжымдастарым  хабарлады. Маған дауыс берген барлық адамдарға рақмет айтқым келеді! Бұл атақ менен жауапкершілікті талап етеді, келесі жылы бұданда жақсы ойнауға тырысамын!   
 
- Маусым сіз үшін оңай болмады. Бірінші Лида өткізген ойындардың қайсысын ерекше атап өте аласыз?
- Барлық ойындар біз үшін қызықты және әсерлі болды. "Мақтааралға" қарсы ойынды ерекше атап өткім келеді. Ол ойында бірінші кезеңде біздер 3:0 есебімен алда болғанбыз, бірақ кездесудің екінші кезеңінде үш гол жіберіп алдық. Ақырында сол ойын тең аяқталды - 3:3.
 
- Болашақ маусымға мақсаттар қойып үлгердіңіз бе?
- Бас команданың сапында негізгі құрамда жие шыққым келеді. Бас бапкердің сеніміне кіру үшін жаттығуларда бар күшімді саламын. Екі жүз пайызға берілемін. Әрине, "Қайратқа" Қазақстанның чемпионы атануға үлесімді қосқым келеді. Бізде бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.
 
- Сіз "Қайраттың" бірінші командасында бірнеше ойын өткіздіңіз және "Астана" қақпасына гол соқтыңыз. Жасы үлкен әріптестер не айтады, кеңестер беріп тұра ма?
- Командадағы атмосфера тамаша. Тәжірибелі әріптестер ойын кезінде де, жаттығу кезінде де кеңес беріп тұрады. Олардың кеңестеріне құлақ салып тұрамын.
 
- Команда да кіммен достастыңыз?
- Барлығымен сөйлесуге тырысамын.
 
- Сіз - 2019 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын жастар құрамасының негізгі ойыншысыз. Владимир Никитенконың бастауымен өткен қандай ойынды ерекше атап өте аласыз?
- Барлық ойындар қиын болды. Әрине, көптеу ұпай жинағымыз келді, ол үшін жақсы мүмкіндіктер болды. Құрлықтық турнирдің финалдық кезеңіне шығамыз деген үміттемін. Бізде топ мықты, бірақ біздер бір орында тұрмай, жұмыс жасап жатырмыз. Ұлттық құрама барша жанкүйерлерді қуантуға тырысады, сол себептен болашақта оданда сәтті өнер көрсетуге тырысамыз.   

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4375 )