РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Біз Астанаға сенеміз!

23 Қараша 2017, 10:02
Бүгін кешке "Астана" УЕФА Еуропа Лигасында испандық "Вильярреалға" қарсы өз алаңындағы соңғы ойынын өткізеді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Станимир Стоиловтың командасына сәттілік тіледі:
 
- Бүгін "Астанаға" маусымдағы ең маңызды ойындарының бірін өткізеді. Испандық "Вильярреал" - атақты клуб, еурокубоктық шайқастардың тұрақты қатысушысы!
 
Команданың тарихында УЕФА Чемпиондар Лигасынның жартылай финалына қатысу, ал 2016 жылы жартылай финалда ағылшындық "Ливерпульға" есе жіберіп, Еуропа Лигасына финалына бір қадам қалғанда сүрінді. Қазіргі уақытта "Вильярреал" алты ойын қатарынан жеңілмей, турнирлік кестедегі 6 орында орналасып, медальдар үшін күресті мадридтік "Реал" және "Атлетико", сонымен қатар "Севилья" командаларына қарсы жүргізіп жатыр.  

Біздің "Астанада" бұл ойынға жақсы дайындықпен келуде. Израильдік "Маккабиді" екі рет жеңгеннен кейін Станимир Стоилов командасы қазақ футболының тарихында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өтуге жақсы мүмкіндіктері бар.

Елордалық ойыншылар жанкүйерлер күтіп отырған қолайлы мүмкіндікке жету үшін барын салып ойынайтынына сенімдіміз. Барлық қазақстандықтарды "Астана Арена" трибуналарына келіп, және де теледидардың көгілдір экрандарының алдында командаға қолдау көрсетуге шақырамын!  
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы атынан "Астанаға" "Вильярреалға" қарсы болатын ойында сәттілік тілеймін! Біздер қазақ футболының намысын Еуропада сенімді қорғайтын біздің командаға сенеміз! Алға, "Астана"!

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4371 )