РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарРуслан Есімов: Фонсека Шахтерға гол соққанда біздер Чемпиондар Лигасының финалын ұтқандай қуандық

21 Қараша 2017, 17:35
Маусымдағы ең маңызды ойынын павлодарлық "Ертістің" қорғаушысы Руслан Есімов Премьер-Лиганың 31-ші турында ойнады. Давид Лорияның алған жарақатынан кейін оған қақпаға тұрып, бірнеше рет команданы голдан аман сақтап қалды. Жастық шағында Есімов қақпада тұрған екен, сол себептен оған Лорияны алмастыру қиындыққа соқпады.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына берген сұхбатында Руслан өткен маусымға баға беріп, Вячеслав Грозныймен бірге жасаған жұмыс туралы пікір бөлісіп, болашақ маусымдағы мақсаттары туралы айтып өтті.

- Руслан, маусым аяқталды. Оған қандай баға бересіз?
- Әрине, егер өткен маусымды 2016 жылмен салыстырсақ, 2017 жылды "Ертіс" үшін сәтсіз деп айтуға болады. Соңғы турда еурокубоктық аймаққа ілігіп, төртінші орын алғанымыз жақсы болды. Өткен маусымда Павлодар Еуропа Лигасын көрді. Болашақ маусымда әрі қарай өтеміз деген үміттемін.
 
- Фонсека "Шахтер" қақпасына жеңіс голын соққанда соңғы секундтарда қандай сезімде болдыңыз?
- Ол сол салғанда, айтып жеткізуге келметін эмоциялар сездім - Чемпиондар Лигасын ұтып алғандай. Бұл голмен біздер оқу-жаттығу жиындарынан басталған жыл бойына болған жұмысты бекіттік.
 
- Вячеслав Грозныйдың, егер "Ертіс" еврокубоктарға өтсе, лезгинка билеп беремін деген уәдесі рас па?
- Бұл шындық. Грозныйды бас бапкер болып тағайындағанда, көпшілік оның лезгинка билегенін еске түсірді. Видеоны Ютубта көруге болады. Сол кезде Грозный, егер "Ертіс" Еуропа Лигасына өтсе, ол лезгинканы тағы билеп беремін деген уәде берді. "Шахтерді" ұтқаннан кейін, ол өзінің уәдесі туралы ұмытпай, сөзіне тұрды. Менің ойымша, көпшілік оның шешінетін бөлмеде билегенін көрген болар.  
 
 
- Команданың бұл жетістігін қалай атап өттіндер?
- Ойыннан кейін бізде маусымның сәтті аяқталуын тойлаған банкет болды.
 
- "Ақтөбемен" болған ойында Давид Лория жарақат алғаннан кейін сіз қақпаға тұрдыңыз. Қақпашылық дағды әлі де сақталды ма?
- Бұл ойынды өмір бойы ұмытпаймын. Балалық шағымда, қақпашы болып бастағанымда, жоғарғы дивизионда осы рольде ойнауды армандап едім. Балалық арманым алаңдағы ойыншы ретінде орындалды. Қақпашы болып ойнау дағдысы ұмытылмады. 

- Жаттығуларда кезінде қақпаға жиі тұрасыз ба?
- 2015 жылы мен "Ертіске" жаңа келгенде, кейбір ұжымдастар менің қақпашы болып ойнағанымды естеріне түсіріп, соққы жасау сериясында қақпаға тұруды сұрады. Бірнеше рет допты қаққаннан кейін маған бәрі таңқалып, сұрақ қойып жатты: "Сен алаңда не істеп жүрсің деп? Бар, қақпаға қайта тұр!" (күледі).
 
- Қақашы болып 16 жасқа дейін ойнадыңыз. Неге амплуаны алмастырдыңыз?
- Бір кезде біздер облыстық жарысқа Павлоадрға барғанбыз. Мықты командаға қарсы ойын күтіп тұр еді. Алаңда ойнайтын ойыншылар саны жетіспеді. Бірақ қақпашылар екеу болды - мен және менің досым. Бапкер мені шабуылшы ретінду алаңға шығаруды жөн санады. Мен үш доп соқтым, ал біздің команда жеңіске жетті - әлде 3:1 болды ма, әлде 3:2. Сол кезден бастап мен тек алаңда ойнаймын.   
 
- Сіз аулада ойнап бастаған боларсыз. Ойыншы боламын деп тез шешім қабылдаған шығарсыз?
 - Дұрыс айтасыз. Біздің аулада футболды жақсы көретін балалар жиналды. Футбол алаңына ұқсатып біздер бормен ақ сызыұтар сызғанбыз. Футболды біздер таңертеннен кешке дейін ойнайтын едік. 
 
 
- Үлкен футболда алғашқы ойын ойнаған 2006 жылғы маусым есеңізде ме?
- Үлкен футболда алғашқы ойын ойнаған кездесу есімде қалды. Бұл фарм-командалар арасындағы жарыс болған. Ол кездері мен "Батыр" командасында ойнағанмын, ал біздің команда Семей қаласының командасына жеңілген болатын - 0:4. Мен барлық төрт голды жібердім.
 
- Сізге "Екібастұз" командасы қаншалықты жақын?
- Бұл менің алғашқы рет футбол ойнаған туған командам. "Екібастұздың" нәтижелерін бақылап, уайымдап тұрамын. Негізі "Екібастұз" - футболды сүйетін қала.
 
- Сонымен қатар сіз Ақтау қаласының "Каспий" командасында өнер көрсеттіңіз. Сол маусымнан сізде есте не қалды?
- Қаржы жағынан ол командада қиыншылықтар болмады. Қалада футболды жақсы көреді. Бірақ футбол алаңының сапасы нашар. Бұл алаңға үйренісу қиын болды. Қабырғалар алаңға жақын орналасқан, бұл жағдай қолайлы болмады.
 
- "Ертісте" ойнау ұсынысы қалай түсті?
- 2015 жылы "Каспиймен" ОЖЖ баруды жоспарлап отыр едім, бірақ "Ертістен" ұсыныс түсті. "Каспийдің" бас бапкерлері павлодарлықтармен келісе алмасан қайта оралуыңды күтеміз деген. Мен берілген мүмкіндікті пайдаланып, "Ертіспен" келісемшартқа отырдым.
 
- Сізді жанкүйерлер жақсы көреді және ойындардан кейін шапалақ соғады. Сіз өзіңізді екібастұздықпын деп сезесіз бе, әлде павлодарлық деп пе?
- Павлодарда мені бағалайтыны жағымды. Мен өзімді екібастұздық жігіт деп сеземін. Мен ол жақта туылып, өстім, отау құрдым және футболдағы алғашқы қадамдарымды жасадым. Бірақ Павлодарда мен үшін туған қала. Бұл қалада менің ұлым дүниеге келді. Сол себептен Екібастұз бен Павлодар мен үшін жақын.
 
 
- Командадағы ең көңілді кім? Жігіттерді, Лориядан басқа, шешінетін бөлмеде қыздыратын кім?
- Менің ойымша, Игорь Бугаев. Ол әзілдесуді жақсы көреді - командада барлықтарында көңіл-күйді көтереді. Игорь, Давилд және Пірәлі Әлиев ойын алдында бізді жандандырады. Бұл бізге ашулық қосады.
 
- Грозный сізге қандай болып есте калды? Оның мықты жақтары қандай?
- Ол мен үшін эмоцианалды бапкер болып есте калды. Грозный - уәждеуші адам, ол болмысы жағынан максималист. Тактика жағынан мен одан көп ақпарат алдым және де алған білімді ойында қолданамын.
 
- Өткен маусымда "Ертістің" есте қалған ойыны?
- Соңғы "Шахтерға" қарсы болған ойын мен үшін ерекше. Ойын алдында кездесудің маңыздылығын барлығы сезді, себебі төртінші орынға қол жеткізіп, "Тобылда" артта қалдыру керек еді. Фонсека гол соққаннан кейін стадион қол шапалақтап, қуанышты болды, бездерде қуаынғанымызды жасыра алмадық. Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне өткенімізге бақыттымын.
 
- "Црвена Звезданың" лондондық "Арсеналмен" тең ойнағанын көре отырып, сербиялық команданы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өте алмағандарыңыз өкінішті болды ма?
-  Реалист болу керек. Сол уақытта сербтар бізден басым болды. "Црвена Звезданың" сапында ойынның негізін қалайтын жоғары деңгейлі ойыншылар аз емес. Бірақ біздер өз алаңдарымызда оларқа қарсылық қөрсетіп, тең ойнадық. Мұндай нәтиже болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.  
 

- Сіз үшін халықаралық ойындар маңызды ма?
- Әрине, бұндай ойындарда өзге елдердің ойыншыларына қарсы ойнап, өз күшінді тексеруге болады. Сонымен қатар, ол ойындарда болашақта қажет болатын керекті тәжірибе жинай аламыз.
 
- Мамандар сізді ұлттық құраманың намысын қорғай алатын ойыншылардың қатарына жатқызады. Бұл туралы не ойлайсыз?
- Мұндай пікірді мен үшін есту өте жағымды, себебі мен ұлттық құраманың намысын қорғағым келеді. Ол үшін мен бәріне дайынмын. Не істеу керек? Әр ойында екі жүз пайызға беріліп ойнау қажет.
 
- Сенің орнында ойнайтын ұлттық құрамада потенциалды бәсекелес болатын ойыншылардың ойынын бақылап тұрасың ба? Мысалы, Бейсебеков, "Ертісте" бірге ойнаған Ахметов, Лунин, Қуантаев, Вороговский сияқты ойыншылардың ойынын қарайсын ба?
- Ұлттық құраманың ойындарын қараймын, әрине. Барлық жігіттер туралы уайымдаймын. Арнайы бір орында ойнайтын ойыншыларға талдау жасамаймын.
 
- Болашақ маусымға мақсаттарды қойып үлгердіңіз бе?
- Иә, әрине. Келесі жылдың аяғында мен сезде айтармын - қойған мақсат орындалды ма, әлде жоқ па. 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4368 )