РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖерар Гоу - Премьер-Лиганың 2017 жылғы үздік ойыншысы!

13 Қараша 2017, 15:23
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылғы маусымды қорытындылап, жылдың үздік номинацияларына қатысты жаңалықтарды жариялайды. Бүгінгі жаңалық футбол клубтардың басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалды.   

Сауалнамаға жауап берушілердің әр қайсысы өз пікіріне сүйене отырып, үздік үштікті атап өтті. Орынға байланысты ойыншыға баллдар берілді: 3 балл - 1 орын үшін, 2 балл - 2 орын үшін, 1 балл - 3 орын үшін. Қорытынды рейтинг барлық ұпайларды қосу нәтижесінде шықты.

 
"Премьер-Лиганың үздік ойыншысы" номинациясының жеңімпазы "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Жерар Гоу атанды. Кот-д’Ивуарлық шабуылшы сауалнамада 41 балл жинады, сонымен қатар ол, өзінің бұрынғы жетістігін жаңартып (2015 және 2016 жылдары 22 голдан), Премьер-лиганың үздік сұрмергені болды - 2017 жылғы Чемпионатта 24 доп соқты.  
 
 
 
Маусымның ТОП-10 ойыншыларының тізімі:
1. Жерар Гоу, «Қайрат» - 41 балл
2. Патрик Твумаси, «Астана» - 29 балл
3. Дмитрий Шомко, «Астана» - 25 балл
4. Джуниор Кабананга, «Астана» - 17 балл
5. Андрей Аршавин, «Кайрат» - 14 балл
6. Серікжан Мұжықов, «Астана» - 13 балл
7. Юрий Логвиненко, «Астана» - 12 балл
8. Иван Маевский, «Астана» - 11 балл
9. Исаэль, «Қайрат» - 10 балл
10. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - 9 балл
 
Төменде сауалнаманың қорытындылары жарияланған.
 
Премьер-Лига клубтарының басшыларының дауыс беруі:
 
 
Премьер-Лига клубтарының бас бепкерлерінің дауыс беруі:
 
 
Премьер-Лига клубтарының капитандарының дауыс беруі:
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4358 )