РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстана - 2017 жылғы Қазақстан Чемпионы!

05 Қараша 2017, 22:21
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Астана" ФК клубын және оның жанкүйерлерін төртінші рет чемпиондық атақты жеңіп алуымен құттықтайды!
 
Премьер-лиганың соңғы турында елордалық ұжым оралдық "Ақжайықты" қабылдады. Ойында соғылған екі допты сұрмергендер бәйгесінде екінші орында (19 гол) орналасқан Джуниор Кабананга соқты. Конголық шабуылшы бірінші орынды Жерар Гоуға беріп қойды. "Қайрат" сұрмергенінің қоржынында "Ақтөбемен" болған кездесуден кейін - 24 доп.
 
Ойын аяқталғаннан кейін ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин жеңімпаздарға чемпиондық тондоны табыс етті.
 
 
Маусымның соңғы ойыны 9-шы қарашада Астанада өтеді. Бұл күні 2018 жылғы маусымдағы Чемпионатқа қатысу үшін өтпелі ойын болады. Бұл кездесуде "Ақжайық" "Астана Арена" стадионында Бірінші Лига командасы - "Мақтааралды" қабылдайды. Кездесу астаналық уақытпен сағат 17:00 басталады және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
 
Фото - "Астана" ФК баспасөз-қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4346 )