РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Ұмытпаңыздар: футбол - №1 спорт!

28 Қазан 2017, 12:00
Жанкүйердер мен мамандардың футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының өткен іріктеу кезеңіндегі нәтижелеріне қатысты пікірі, ұлттық команданың нәтижелеріне легионерлердің тигізген ықпалы, соңғы жылдардағы қазақстандық командалардың еурокубоктардағы сәтті өнер көрсетуі және де заманауи қоғамдағы футболдың орны - осы тезистер Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожинмен болған сұхбаттың басты тақырыптары.   

ҚКФЛ басшысы Чемпионаттың даму векторы және №1 ойынының ұлттық ерекшеліктері туралы ауқымды сұхбат берді.  

 
- Азамат Серікұлы, Қазақстан футболындағы өткір тақырыптарының бірі - легионерлер. Көпшіліктің пікірінше, шетелдіктер - біздің футболдың басты мәселесі, олардан арылу керек. Бұл жағдайда, біздің кейбір сарапшылардың пікірінше, ұлттық құраманың нәтижелері жылдам жақсарады. Бұған қатысты не ойлайсыз?
- Ұлттық құраманың мәселесін шешуде бір жақты және сауатсыз қарауға болмайды.
 
Бүгін құрамада 1988-1996 жылы туылған ойыншылар өнер көрсетеді, олар футболмен 1998-2006 жылдары айналыса бастады. Және де 10-15 жыл біздің бапкерлердің қарауында болды. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, оларға кедергі болып отырған тек легионерлер, оларды алып тастаса, барлығы күрт өзгереді. Құраманың сәтсіздіктерінде шет елдің ойыншыларын айыптау дұрыс емес! Мен білемін, легионерлер үлкен айлық алады, алайда ол қаржыны футболды дамытуға жіберу керек, қазақстандық ойыншылардың жалақысын өсіру керек деген пікір бар. Бірақ бұл аргументтер дұрыс емес!
 
Біздің чемпионатта мықты легионерлер өнер көрсетеді. Ол тек менің пікірім емес. Көптеген ұлттық құрама ойыншыларының айтуы бойынша, Гоу, Маевский, Аничич, Аршавин, Фонсека, Исаэль сияқты шеберлерге қарсы немесе бірге ойнау чемпионаттың барлық қатысушыларына өсуге мүмкіндік береді. Қасында деңгейі төмен ойыншы болса, өз шеберлігін шыңдау қиын. Алаң мен команда ішінде адал бәсекелестік болмаса, өсу де қиын.   
 
- Шет елдік футболшыларға кеткен шығыннан басқа, легионерлердің деңгейі сынға алынады. Жақсы ойыншы Қазақстанға үлкен ақшаға келмейді деген пікірмен келісесіз бе?
- Келіспеймін! Сапалы ойыншылар бізге жыл сайын келеді! Қазақстанға деңгейі төмен және ешкім біле бермейтін ойыншыларды алып келетін уақыт өтті!
 
Селекцияның сапасы өсті. Бұған шет елдік ойыншылардың өз ұлттық құрамаларына шақыртылуы дәлел.
 
Өзіңіз қараңыз: "Атыраудан" Грузия ұлттық құрамасына Двалишвили мен Лобжанидзе шақыртылады; "Астанадан" - Твумаси Гана құрамасына, Кабананга - Демократиялық Республика Конго командасына, Шитов пен Маевский - Белорус құрамасына, Кляйнхайслер - Венгрия ұлттық құрамасына, ертеректе Максимович Сербия құрамасына шақыртылған, ал жастар кұрамасымен ол Әлем Чемпионатын жеңген; "Қайратта" Венгрия құрамасының ойыншысы Элек өнер көрсетеді, және де Бато - Тринидад и Тобаго командасының ойыншысы, "Тобыл" құрамынан Албания құрамасына Ллуллаку шақыртылады, Грузия құрамасына Квеквескири, Литва құрамасына Жулпа, Орталық Африка Республикасының ойындарына әрдайым Кассай шақырту алады; "Окжетпес" сапынан литвалық ұлттық команда құрамына Фрейдгеймас шақырту алып тұрады; "Ордабасыдағы" Гейнрих әрдайым Әлем Чемпионатының ойындарына қатысу үшін Өзбекстан құрамасына шақырту алады; "Шахтердағы" Юлиус Сзоке Словакия жастар құрамасының мүшесі болып табылады.
 
Барлық айтылған ойыншылар тұрақты түрде шеберліктерін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе алып тұрады. Қазақстанға оралғаннан кейін олар жергілікті ойыншылармен тәжірибе бөліседі, көшбасшы болып, чемпионатты динамикалық және қызықты қылады.  
 
- Сыншылар бұл ойыншылар өз ұлттық құрамаларында беріліп ойнап, ал клубтарында орташа деңгейде өнер көрсетеді, сондықтан Қазақстан Чемпионатына олардың тигізетін пайдасы аз деп жауап қайтаруы мүмкін.
- Бұнда сыншылар әлдеқайдағы ойыншылар және әлдеқайдағы құрамалар туралы айтады. Бірақ бұл сыншылар ойыншылардың құрамалардағы бір ойынын болса да көргендігінің дәлелі емес.  
 
Міне сіздерге мысал - "Астананың" көшбасшаларының бірі Иван Маевский еурокубоктарда қоғамның назарын аударып командамен бірге сәтті өнер көрсетеді. Алайда, Иван өнер көрсететін Белорус құрамасы соңғы 5 ойында жеңілді. Сонын ішінде Люксембург пен Тайландтан!
 
Сыншылардың пікірінше, Маевский орташа ойын көрсетіп, "Астанаға" Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсетуге көмектеседі. Бірақ, жоғары деңгейде ойнап, өзінің ұлттық құрамасына Люксембургты жеңуге көмектесе алмады.   
 
Аршавинды еске алайықшы. Ол қазір Ресей ұлттық құрамасында өнер көрсетпейді, бірақ Андрей барлық ресейлік ойыншылар арасында тәжірибесі мол шебер. Қазақстандық жас ойыншылар олармен бірге жаттығып, дәл қазір нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ ұжымдағы клубтастардың дамуына оң ықпал етеді. Футбол - еңбекті көп қажет ететін үдеріс.    
 
- Еліміздегі футболдың танымалдылығы соңғы жылдары Қазақстан құрамасының орташа нәтижелеріне байланысты төмендеді деп ойлайсыз ба?  
- Әрине, 2018 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңі біз үшін сәтсіз болды. Футбол айналасында әдейі негативті фон жасады, оны депутаттар, политиктер, қоғам қайреткерлері, өзге спорт өкілдері және актерлар қолдады. Өкінішке орай, қолдау көрсетудің орнына бұл адамдар футболдың арқасында елге танымал болғылары келеді. Естеріңізге сала кетейін, 2016 жылы ұлттық құрама ФИФА рейтингінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.   
 
Басқа командалық спорт түрлерін ренжіткім келмейді. Алайда футбол қазір күллі әлемде және Қазақстанда нөмірі бірінші спорт түрі болды, қазір де сол дәрежеде, болашақта да солай болып қалады.
 
Жайғана мысал: көптеген мекемелер, мемлекеттік корпорациялар, үлкен және кіші компаниялар спорт жарыстарын өткізеді, сол жарыстардың ішінде футбол - ең сүйкті спорт түрі. Қалаларда барлық футбол алаңдары бір ай бұрын жалға алынған - біздің жерлестер жаппай футбол ойнайды. Аулаларда балалар көбіне футбол ойнайды. Бұның өзі - футболдың ең үздік және танымал ойын екендігін халықтың мойындауы.  
 
УЕФА-ға кіргеннен кейін біздің клубтарда Қазақстанды халықаралық аренада атын шығаруға мүмкіндік пайда болды, шет елдік клубтар алдындағы жеңістер жанкүйерлерді Отанымызды мақтан тұтуға итермелейді. Басқа спорт түріндегі бірде-бір халықаралық кездесу УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ойындары сияқты толық трибуналарды жинамайды.
 
- Қазақстандық клубтардың Еурокубоктардағы жеңістері - тікелей легионерлердің сапасына байланысты деген пікір дұрыс деп ойлайсыз ба? 
 - "Астананың" "Маккабиға" қарсы соңғы ойынында қос команда сапында 5 жергілікті ойыншылар өнер көрсетті. "Вильярреалға" қарсы болған сырт алаңдағы кездесуде "Астана" құрамында 6 қазақстандық ойыншы шықты, дәл осындай жергілікті футболшылар саны қарсылас сапында да болды. Осыған ұқсас басқа да кездесулерде - "Астана" салыстырмалы түрде "Атлетико", "Вильярреал", "Маккаби" командаларынан көп легионерлер көмегіне жүгенбеді.
    
Бірнеше жылға кейін шегініп, Қазақстан еуропалық футбол қоғамдастығына кіргеннен кейін, УЕФА рейтингінде нешінші орнында болғанын еске түсірейік. 2007 жыл - 45 орын, 2009 жыл - 43 орын, 2011 - біздер 41 орандамыз, 2012 - 38, 2014 - 34, 2016 - 54 ел ішінде 28 орындамыз. Тоғыз жыл ішінде біздер рейтингте 20 орынға көтерілдік. Осы рейтингтегі көршілермен біздің прогрессті салыстырайық - мысалы, экономикасы дамыған Словакия және Венгрия. Бүгін бұл екі мемлекет бұл рейтингте бізден кейін орналасқан. Бұдан бөлек біздер Словакия, Сербия, Исландия, Ирландия, Босния және Герцеговинадан жоғары тұрмыз, сонымен қатар өтіп жатырған маусымның нәтижесімен біздер Норвегияны басып озуымыз мүмкін.      
 
Жетістіктер біздерге кезең-кезеңмен келуде. Бұл жеңістер кезінде шет елдік ойыншылар көп жағдайларда бірінші рөлдерде болды. Қазақстандық футбол Еуропада "Шахтер" мен "Астананың" УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигаларына қатысуларының арқасында танымал. Позитивті имидж жасаудан бөлек, топтық кезеңдерге қатысу клубтарға табыс алып келуде. Мысалы, "Астана" Чемпиондар Лигасына қатысу арқасында 17 миллион евро тапты. Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатысу 4 миллион евродай табыс алып келді.      
 
Бұл барлық алып келінген пайда емес. УЕФА клубтардың еурокубоктарға қатысқаны үшін ынтымақтастық төлемдерін төлеп тұрады. "Астана" Чемпиондар Лигасындағы сәттіліктері арқасында УЕФА-дан балалар футболын дамыту үшін 3 миллион еуро қаржы бөлінді. Бұл ақшаға футбол Орталықтары жаңа футбол киім-кешектерін, доптар, жаттығуға арналған керек-жарақ алынды. Бір сөзбен айтқанда, балаларға барлық жағдай жасалды. Былтырғы жылдың нәтижесімен және елордалық клубтың УЕФА Еуропа Лигасында қатысқаны үшін клубтарға тағы да 400 мың еуро бөлінді. Бұл ақша инфроқұрылымды жақсартуға бағытталады - футбол орталықтары үшін одан да көп кәсіби доптар сатып алынады.    
 
- Командалардағы легионер стадион трибуналарына жанкүйерлерді жинайтын сияқты. Соңғы жылдардағы қазақстандық стадиондарға келушілердің саны қандай? 
- Бірде-бір Қазақстандағы өзге спорт бойынша ұлттық чемпионаттар футбол ойындарындағыдай аудиторияны жинай алмайды. Ойындар әр апта сайын болады, сүйікті команданың ойындарын телеарналар мен интернет-көрсетілімдер арқылы қарауға болады. Индустрияның дамығаны соншалық, біздің клубтарға жағдайы жасалған кинотеартлармен, сауда-ойын-сауық орталықтарымен бәсекелесу қиын. Біз оны түсінеміз.     
 
 Бірақ, бүгінгі стадионға келу деректері болашаққа оптимизммен қарауға мүмкіндік береді. Жанкүйерлер Фонсека, Кассай, Курьо, Сзоке және басқа да шеберлердің ойынын тамашалауға келеді.
 
Алматыда бос уақытты өткізетін орындардың көптігіне қарамастан, көрермен футболды таңдайды. Ойын-сауық кешендері аз еліміздің басқа аймақтарында - футбол жанкүйерлерді көп жинайды.
 
Сонымен қатар футбол әлеуметтік міндетті атқарады. Бір жағынан, бұл бос уақытты өткізу мүмкіндігі, екіншіден - клубтың Чемпионаттағы, УЕФА Чемпиондар Лигасындағы, Еуропа Лигасындағы сәттіліктері үшін мақтаныш. Облыс тұрғындары үшін футбол- көңіл аулайтын жалғыз ойын. Зауыт, фабрика қызметкерлері, кеншілер жұмыс аптасы аяқталғаннан кейін стадионға келіп, сүйікті командасына қолдау көрсетіп, эмоцияларын шығарады.  
 
 - Өтіп жатқан маусымда Қазақстан Чемпионаты жаңа формуламен өткізілді - 3 айналым және әр команда үшін 33 ойын. Бұл схема өзін ақтады ма?  
- Абсолютті! Чемпионаттың аяқталуына 2 тур қалғанда алтын үшін күрестегі интрига әлі де тірі! Бірінші Лигаға да кім шығып қалатына әлі белгілі емес - бір уақытта бірнеше команда Премьер-Лигада қалуға деген құқығын қорғауда.  
 
Турнирлік кестедегі командалардың орналасуы тығыз - ұжымдардың негізгі тобы бірдей ұпаймен бір-біріне жақын орналасуда. Тек маусым басынан тұрақты футбол көрсетіп келе жатырған үш команда бөлек орналасуда. Бірақ ортанқол командалардың өзара ойындары аса қызық болды, командалардың жалпы шеберлігі өсті.   
 
Ақтық нәтижелерге қатысты негізгі сұрақтарға жауаптарды біздер соңғы турда аламыз. Бұл дегеніміз ҚКФЛ мүшелері, ҚФФ Атқарушы комитеті бір жыл бұрын "алтылыққа" бөлінуден бас тартып, дұрыс жол таңдағандығының дәлелі.  
 
- Бірінші Лигадан болашақ маусымда жоғары дивизионға "Жетысу" мен "Қызыл-Жар СК" шықты. Талдықорғандықтар мен петропавлдықтар "элитаға" қайта оралады. Аймақтар Премьер-Лига талаптарына дайын ба?
- "Жетісу" - Қазақстан Чемпионатының тәжірибелі қатысушысы. Олар былтырғы жылы клубқа байланысты жағымсыз жағдайда шығып қалды. Талдықорғандықтардың футболдық инфроқұрылым дамыған - екі стадион бар: бірі - табиғи төсенішпен, екіншісі - жасанды төсенішпен қосалқы арена. Аймақтың басшыларына лайық бағасын беріп кетейін - Бірінші Лигаға шығып қалуына қарамастан, клуб жастар командасын жапқан жоқ. Бұл жағдайда олар өсіп келе жатырған жас ойыншыларға Екінші Лигада тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.    
 
"Қызыл-Жар СК" Чемпионаттың есігін бұрыннан бұрыннан қағуда. Команда жылдан жылға Премьер-лигаға шығуға бір қадам қалғанда тоқтап қалуда. Осы жылы клуб Жоғары дивизионға шығуға мүмкіндік алды. Бұл - футболды жақсы көретін Солтүстік Қазақстан облыс жанкүйерлеріне тамаша мейрам. Жақын уақытта олар өз көздерімен Гоу, Кабананга, Аршавин, Твумаси секілді шеберлердің өнерін тамашалауға мүмкіндігі болады.     
 
- Соңғы сұрағымыз еліміздегі клубтық үздік текетірестердің бірі "Астана"-"Қайрат" кездесуі туралы. Сіздің ойыңызша, бұл ойында легионерлер басты рөлдерде бола ма?
- Бұл кездесу қазіргі кездегі "Астана" мен "Қайрат" үшін ең маңызды ойын екеніне мен келісемін. Бұл екі клуб қазақстандық футбол үшін өте көп пайда алып келді. "Астананың" Еуропадағы жетістіктері, "Қайрат" академиясының жұмысы - бағалауға тұрмайды. Бүгінгі таңда бұл екі клуб- Қазақстандағы ең үздік ұжымдар. Шынымен де, бұл клубтарда жоғары шеберлік деңгейін көрсететін үздік шет ел ойыншылары өнер көрсетеді.    
 
Әлемдік футболдың ғаламдануы - бұл кері айналмайтын үдеріс. Бірақ, әрине, біздер Қазақстан Біріншілігі шет елдік ойыншыларға толы турнир болғанын қалаймыз. ҚКФЛ қазақстандық футболшыларды қолдау түрлерін қарастырып жатыр. Бірақ, жасанды және қисынсыздық көмек ойыншылардың дамуына көмек болмайды. "Шет елдік ойыншыларға тыйым салу керек" деген эмоционалды шешімдер бізді ешқандай жерге алып келмейді.   
 
Ойын нәтижесін тек легионерлер жасайды деп айта алмаймын, командаларда қазақтандық тамаша ойыншылар да бар. Бірақ, сенбі күні "Астана Арена" стадионында болатын ойында футбол сапасы еуропалық деңгейде болатынына нық сенімдемін.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4336 )