РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ ЕКФЛ кезекті жалпы ассамблеясына қатысты

23 Қазан 2017, 14:21
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Еуропалық кәсіби футбол лигаларының" толық құқылы мүшесі ретінде бұл мекеменің 19-20 қазанда Тель-Авив (Израиль) қаласында өткен жалпы ассамблеясына қатысты.   
 
ЕҚФЛ мен ассамблеяны қабылдаған израиль лигасының шарасына ҚКФЛ атынан Атқарушы директор Александр Кеплин мен баспасөз қызметі Бөлімінің Басшысы Олег Кунгуров қатысты.  
 
ЕКФЛ мүшелері мекеменің Жарғысына Ассоцияцияға жаңа лигаларды қабылдауды жеңілдедетін өзгерістерді енгізуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, УЕФА-мен қарым-қатынасты жақындату бағыты алға қойылды - мекемелердің алдын ала келісімі арқасында ЕКФЛ делегаты УЕФА-ның Атқарушы комитетіне кіруі мүмкін. Және еуропалық турнирлерге қатысқаны үшін УЕФА-ның ынтымақтастық төлемдерін төлеу жаңа жүйесі қарастырылды. Бұл жүйе келесі жылдан бастап жұмыс жасайды.     
 
Бұдан бөлек, Израиль футбол лигасы "Футболдағы жаңа спорттық технологиялар" атты тақырыпта семинар өткізді. Бұл семинарда әр түрлі халықаралық компаниялар видео-контентпен жұмыс жасауда және футбол лигалардың жұмысын автоматтандыратын заманауи техникаларды көрсетті.   
 
Анықтама: ЕКФЛ - 2005 жылы құрылған "Еуропалық кәсіби футбол лигалар" ассоцияциясы, штаб-пәтері Ньон (Швейцария) қаласында орналасқан. Бүгінде ЕКФЛ құрамына 25 елден 32 футбол лигалары кіреді. ҚКФЛ 2016 жылдан бастап Қазақстан атынан мекеменің толық құқылы мүшесі болып табылады. 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4319 )