РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖеңіс энергиясын сіңірген стадион

10 Қазан 2017, 21:23
14 қазанда Ақтөбе қаласындағы Қобыланды Батыр атындағы Орталық стадион алғаш рет футболдан Казақстан Кубогының финалын қабылдайды. Осы стадионда өткен барлық қызықты ойындарды еске алайық.  
 
Орталық стадиондағы бірінші халықаралық кездесу аренаның ашылу күні, яғни 1975 жылдың 28 тамызында өткен. Бұл есте қаларлық күні қонаққа мәскеулік ЦСКА келген болатын. Жергілікті "Актюбинец" пен ресейліктердің арасындағы жолдастық кездесу қонақ команданың пайдасына аяқталды - 0:1.
 
Орталық стадиондағы бірінші ресми халықаралық ойын тек бірнеше жыл өткеннен кейін ойналды - 2006 жылғы маусымда. Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде "Ақтөбе" өз алаңында латвиялық "Металлургті" қабылдады. Кездесу тең есеппен аяқталды - 1:1. Осы ойыннан бастап "Ақтөбе" футбол клубының еурокубоктардағы тамаша сериясы басталды.
 
Әр еурокубоктық маусым сайын Ақтөбеге келетін командалардың беделі өсті. 2007 жылғы еуромаусымда Ақтөбеге трибуналарды толтырған австриялық "Маттерсбург" келді. Осы ойында "Ақтөбе" клуб тарихындағы еурокубоктық бірінші жеңісіне қол жеткізді. Содан кейін Орталық стадионның алаңында "Маккаби Хайфа" (Израиль), "Шериф" (Молдова) және "Хабнарфьордюр" (Исландия) сияқты командалардың ойыншылары өнер көрсетті.
 
 
2009-10 жылдардағы еуромаусымда Ақтөбе футболындағы есте қаларлық ең маңызды оқиғалардың бірі орын алды - қалаға немістердің "Вердер" командасы келді. Сол жылдары неміс командасының сапында Торстен Фрингс, Пер Мертезакер, Клаудио Писарро және әлемнің жарқыраған жаңа жас жұлдызы Месут Озил сынды ойыншылар өнер көрсеткен. 
 
 
Сонымен қатар "Ақтөбе" мен голландиялық "АЗ Алкмар" арасындағы өзара кездесулері жергілікті жанкүйерлердің есінде қалды. Бұл екі ойыннан тұратын текетірес "АЗ-ның" пайдасына аяқталды, бірақ ойынға келген қала тұрғындары ойын барысында трубаналарда көзге түсерлік перфоманс ұйымдастырып, тамаша футбол спектаклін көрді.
 
2016 жылы Орталық стадион Қазақстан жастар құрамасының қатысуымен болған халықаралық ойынды қабылдады. Жергілікті футбол сүйер қауым Норвегия мен Англияның ең талантты ойыншыларының өнеріне куә болды. Ал өтіп жатқан маусымда біздің жастарымыз Орталық стадионда Черногория құрамасымен күш сынасты.  
 
 
Осындай еуропалық ойындар Орталық стадионды ерекше аурасы бар аренаға айналдырды. Ойынға келген жанкүйерлер стадионды өз дауыстарымен жандандырды, ал арена өзінің энергиясымен бөлісті. Қобыланды Батыр атындағы стадионның ерекше аурасын ойыншылар да сезеді, солардың ішінде қонаққа келгендері. Орталық стадионда өнер көрсеткен ойыншылар Ақтөбеде футбол ойнау екі есе жағымды екенін әрдайым айтып жүрді.
 
Стадионның трибуналарында еліміздегі жанқиярлық үздік жанкүйерлер буыны өсті. Өтіп жатқан маусымда жергілікті футбол сүйер қауым "Ақтөбенің" ойындарына команданың Чемпионаттағы жағдайына қарамастан келіп, трибуналарды толтырауда.  
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы стадионның ерекшелігін және футболдың жергілікті жанкүйерлер үшін маңыздылығын еске ала отырып, қазақ футболының тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының финалдық кездесуін Ақтөбеде өткізуге шешім қабылдады.  
 
Біздер "Атырау" мен "Қайрат" жанкүйерлері және финалдың құрметті қонақтары Орталық стадионның ерекше аурасын 14 қазан күні сезеді деген үміттеміз! 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4279 )