ЖаңалықтарҚР Кубогының финалы - 14 қазанда Астана уақытымен 19:00-де
27 Қыркүйек 2017, 12:30

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Қайрат" пен "Атырау" арасындағы 2017 жылғы футболдан Қазақстан Республикасының Кубогының басталу уақытының анықталғаны туралы хабарлайды.
Ойын 2017 жылдың 14 қазанында Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді, басталуы жергілікті уақытпен сағат 18:00-де (Астана уақытымен 19:00-де).
Жанкүйерлер бұл кездесудің тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көре алады.
Ойыналды іс-шаралары (жаттығу, пресс-конференция) 2017 жылдың 13 қазанында өтеді. Бұл іс-шаралардың басталу уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Тағы жаңалықтар
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды
-
Ерсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды