РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҮздік үштікті қуып жету: Тобыл мен Ертіс көшбасшылармен кездеседі

23 Қыркүйек 2017, 21:38
Сіздердің назарларыңызға Премьер-лиганың кезекті турына превью ұсынамыз.
 
«Астана» – «Тараз»
Өтетін орны: Астана, «Астана Арена» стадионы, 15:00
Ауа райы: +5, бұлтты
Трансляция: Қазспорт
 
Елордалық клуб турнирлік кестенің екінші орнында орналасқан, бірақ жанкүйерлер уақытша екенін түсініп отыр. Станимир Стойловтың командасында қарсыластар алдында басылымдық бар - алда екі мерзімі ауыстырылған ойын бар.
 
Жақын арада елордалық клуб еурокубоктардың топтық кезеңіндегі өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізеді. "Таразбен" болатын ойын астаналық клубтың еуробокқа дайындығын көрсететін кездесу болуы әбден мүмкін. 
 
 
24 қыркүйек
«Қайрат» – «Тобыл»
Өтетін орны: Алматы, «Орталық» стадион, 15:00
Дисквалификация: Александр Соколенко – Жасұлан Молдақараев
Ауа райы:  +11, күн ашық
Трансляция: Қазспорт
 
Екі команда да маусымға қойылған мақсаттарды орындаған жоқ. "Қайратқа" алтын керек, ал Қостанайда қол жүлделерді армандап отыр, не болмаса төртінші орынға ілігуді. "Тобылда" соңғы кездері проблема пайда болды. Роберт Евдокимов өткізген 10 ойынның тек төртеуінде қостанайлықтар жеңіске жеткен. Ал қарсылас командада жағдай әлде қайда жақсы. Карлос Феррер шәкірттері жеті ойын қатарынан жеңіске жетіп келе жатыр, соңғы екі ойында алматылықтар қарсыласты айқын басымдылықпен ұтты.
 
Екі команда арасындағы ойындарға келетін болсақ, бұл жағдайда статистика алматылықтардың жағында - өтіп жатқан маусымда алдымен "Қайрат" сыр алаңда тең түсті, содан кейін өз алаңында жеңіске жетті. Қостанайлықтар соңғы ойындарында Ақтөбеде жеңілді, сол себептен Алматыда Евдокимов командасы есе қайтаруға тырысады.  
 

«Оқжетпес» – «Атырау»
Өтетін орны:
 Щучинск, «Жақсы СК» стадионы, 15:30
Дисквалификация: Ренат Абдулин
Ауа райы:  +1, бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ ТВ 

Екі команда да маусым барысында бас бапкерлерін алмастырды. Ең қызығы қос ұжымда екі реттен! "Оқжетпестен" Мұханов пен Пасулько (бапкердің кеткені туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ соңғы ойында команданы Мазбаев басқарған) кетті. Ал "Атырау" осы маусымда Павлов пен Вулич жұмыс жасап үлгерді.  

Көкшетаулықтар мен атыраулықтарлың жағдайы қиын, бұл жағдай ұжымның ішіндегі атмосфераға әсер ету мүмкін. Командалар турнирлік кестенің соңғы орнында тұр. Қол ұжымға ұпайлар қажет, сол себептен Щучинскте болатын ойын қызық болуы тиіс. Командаларға шегінетін жер жоқ.

«Ақтөбе» – «Қайсар»
Өтетін орны:
 Ақтөбе, «Нефтяник» стадионы, 17:00
Дисквалификация: Алексей Мулдаров
Ауа райы:  +13, бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Ақтөбеліктер соңғы ойындардан кейін турнирлік кестедегі жағдайларын дұрыстап қана қоймай, "Қайсарды" қуып жетті. Қызылордалықтар маусының басым бөлігін кестенің ортасында нық орналасқан, бірақ бір-екі сәтсіз ойыннан кейін "қасқырлар" кестенің соңғы жағына түсіп кетті.  
 
Младенов ойыншылары бірінші алтылықта болып үйренген, сол себепті "Қайсар" кестенің жоғырғы жағына ұмтылатыны анық.
 

«Ақжайық» – «Шахтер»
Өтетін орны:
 Орал, Атоян атындағы стадион, 18:00
Ауа райы:  +11, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Оралдықтардың ойыны жарап тұр. Әзерше турнирлік кестедегі жағдай көзді қуантпасада, Вахид Масудов командасы өз күштеріне сенімді. Батысқазақстандықтарды "кеншілерден" бір ұпай бөліп тұр, сондықтан алдағы кездесу - "Ақжайық" үшін "Шахтерді" озу үшін жақсы мүмкіндік.
 
Бірақ бұл шартпен қарағандылықтар келіспейді. "Шахтер" алтыншы орында өзін жақсы сезінуде, тіпті келесі турларда "Ертіс" пен "Тобылды" қуып жетуге болады.
 

«Ордабасы» – «Ертіс»
Өтетін орны:
 Шымкент, Қажымұкан атындағы стадион, 19:00
Дисквалификация: Пірәлі Әлиев, Аслан Дарабаев
Ауа райы:  +17, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Турдағы  қызықты ойындардың бірі Шымкентте өтеді. "Ордабасыға" қонаққа қарқынын жоғалтқан павлодарлық команда келеді. Дегенмен, Грозный командасы төртінші орыннан үміттерін үзбеуде.
 
Грозныйдын келуімен "Ертіс" тұрақты ойын көрсетпеуде. Бапкер қол астындағы ойыншылардың оның ойын философиясына сәйкес келмейтінін айтты. Украиналық маманға облыс және клуб басшыларының алдында өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеу үшін өолда бар ойыншылармен жақсы жетістіктерге жету қажет.  
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4250 )