РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан Кубогының жаңа нұсқасы Атырауда таныстырылды

18 Қыркүйек 2017, 13:13
Қазақстан чемпионатының 27 тур "Атырау"-"Ақтөбе" ойынының алдында батысқазақстандық жанкүйерлерге жаңа Кубокпен суретке түсуге мүмкіндік болды.
 
Таныстыру рәсімін Атырау футболының ардагерлері ашты. Олар командаға финалдық сында сәттілік тілеп, Кубокты жеңу қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. Сонымен қатар жергілікті мамандар  осындай тамаша іс-шара үшін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына алғысын білдірді - Кубок финалда сынға түсетін команданың қаласына бірінші рет келді.
 
Фотосессия жергілікті футбол жанкүйерлер арасында ажиотаж тудырды. Фанаттар Кубоктың заманауи дизайны мен зергерлердің жұмысын мақтады.

Кубок қола және күміс кортпаларынан құйылып, сыртынан алтынмен жалатылған. Ол мәрмәр тірекке орнатылып, фианитпен безендірілген. 

Қазақстан Кубогының финалы 2017 жылдың 14 қазанында Ақтөбе қаласындағы "Қобыланды батыр" атындағы Орталық стадионда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталып (Астана уақытымен 19:00-де), QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.   
 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ