РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕртіс пен Тобылдың 4 орынға таласы немен аяқталады?

09 Қыркүйек 2017, 15:20
Сіздердің назарларыңызға Премьер-лиганың кезекті турына превью ұсынамыз.

9 қыркүйек

«Астана» – «Атырау»
Өтетін орны: Астана, «Астана Арена» стадионы, 17:00
Ауа райы: +18, бұлыңғыр
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 
Астанлықтар УЕФА Чемпиондар Лигасының соңғы ойынында сәтті нәтижеге қол жеткізді. Енді Станимир Стоиловтың алдығы мақсаттары - Премьер-лига мен Еуропа Лигасында оң нәтижеге қол жеткізу. Чемпиондарда қорда әлі екі ойын бары белгілі, бірақ соған қарамастан, "Астанада" ұпай саны турнирлік кестеде төмен орналасқан командалардан жоғары.
 
Астаналықтар экспериментке барып, қосалқы құрамды шығармайтынына сенімдіміз - алда еурокубоктар, сол себептен негізгі құрам бұл ойындарға дайын болуы керек. Ал "Атырауға" Шотландияның чемпиондары тойтарыс бере алмаған қысымға дайын болуы керек.

«Ақжайық» – «Оқжетпес»
Өтетін орны: Орал, П. Атояна атындағы стадион, 18:00
Ауа райы: +21, бұлыңғыр
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 
Турнирлік тұрғыда бұл ойын өте қызықты болу керек. "Оқжетпес" өзінің басты қарсыластарының біріне қонаққа келеді. Вахид Масудов командасы Қостанайда жеңілгенімен, татымды, көңілден шығатын футбол көрсетті. Өз алаңдарында оралдықтар ұпайға аяғына дейін таласатыны анық.   
 
Көкшетаулықтар қарсыласа ала ма? Бұл сұраққа жауапты табу қиын, Пасульконың командасында нәтижелерінде тұрақтылық жоқ. Бірақ "Ақжайықпен" болған жеке кездесулерде статистика "Оқжетпестің" жағында.  

10 қыркүйек
«Ертіс» – «Тобыл»
Өтетін орны: Павлодар, «Орталық» стадион, 15:00
Ауа райы: +19, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 
Павлодарда турдағы ең қызықты ойындардың бірі болады. Бетпе-бет кездесуде төртінші орынға талас жүргізіп отырған екі команда кездеседі. Турасына салсақ, бұл екі командаға үшінші орынға ілігу қиынның қиыны.
 
Жазда екі ұжымда да бас бапкерлер алмасты. Бұл өзгерістер қаншалықты пайдалы болғаны әлі белгісіз. "Тобыл" Евдокимовтың бастауымен алғашқы ойындарды жақсы өткізді, бірақ ойыншылар көрсеткен футбол жергілікті жанкүйерлердің көңілінен шықпады. "Ертіске" қостанайлық футбол сүйер қауымға жақсы таныс Вячеслав Грозный келді. Бұл бапкер "Тобылдың" тізгінін ұстағанда, олар әдемі және сапалы ойын көрсеткен. Дәл осындай нәтижені украиналық бапкерден Павлодарда да күтіп отыр.
 
Жеке кездесулерде қостанайлықтар жағында сәттілік болды - олардың қоржынында екі жеңіс бар, яғни, "Ертіс" 2017 жылғы маусымда әле де "Тобылды" жеңе алмауда.

 
«Қайрат» – «Қайсар»
Өтетін орны: Алматы, «Орталық» стадион, 18:00
Прогноз погоды: +28, ала бұлтты, кішкене жаңбыр
Трансляция: Казспорт
 
Алматылықтар испандық бапкердің бастауымен жақсы ойнап, соңғы ойындарда ұпай жинады. Жүз пайыздық нәтижемен қатар испандық бапкердің жастармен жүргізіп жатқан жұмысыда көзге түседі. Бірнеше жас ойыншы мансаптарындағы Премьер-лигадағы алғаншқы ойындарын ойнады.  
 
Бірақ, "Қайрат" "Қайсармен" болатын ойында тәуекелге бара ма? Көктемде болған ойын алматылықтар үшін оңай болмады, ол кезде "қасқырлар" тең нәтижеге қол жеткізіп, үш ұпай алып кеткен. Қазір Карлос Алос Феррердің командасына ұпай жоғалтуға болмайды - чемпионаттың соңы таяп қалды.  

 
«Ақтөбе» – «Шахтер»
Өтетін орны: Ақтөбе, «Орталық» стадион, 19:00
Прогноз погоды: +18, бұлтты, кішкене жаңбыр
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 
Ақтөбеліктердің ойынында тұрақтылық жоқ, Владимир Мұқанов команданың кілтін таба алмауда. "Ақ-қызылдардың" құрамында жақсы ойыншылар бар, бірақ оларға тұрақты оң нәтиже жетіспейді.
 
Ширмялистің келуімен "Шахтер" оң өзгерістерге ұшырады. Иә, "кеншілерде" тұрақтылық жағынанда қиындықтар бар, бірақ қарағандылықтар ұпайға қол жеткізуде. Әр турда болмасада, бір тур сайын ұпайлар келуде.
 
Жеке кездесулерге қарайтын болсақ, командалар қонақта ойнап, бір-бірден жеңіске жеткен. Енді "Шахтер" Ақтөбеге қонаққа келді - ақтөбеліктер бұл беталысты өзгерте алады ма?

 
«Ордабасы» – «Тараз»
Өтетін орны: Шымкент, Қажымұқана атындағы стадион, 19:00
Прогноз погоды: +29, бұлыңғыр
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4222 )