РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ мүшелерінің кезекті жалпы жиналысы өтті

29 Тамыз 2017, 16:49
Астанада өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті жалпы жиналысында өтіп жатқан маусымның аралық қорытындылары шығарылды және 2018 жылғы маусымға жаңа жоспарлар талқыланды.
 
Соның ішінде Чемпионат және ҚР Кубогының ойындарында "өкілдер" делегатын енгізу, ҚКФЛ жобаларын жүзеге асыратын коммерциялық құрылым кұру ойлары қаралды.
 
Жиналыста қабылданған шешімдердің бірі - ҚКФЛ коммерциялық жұмыс тәртібін бекіту. Яғни, қазақстандық клубтардың маркетинг айналасында жұмысын жаңартатын құжат қабылданды.
 
Сонымен қатар жалпы жиналыстың мүшелері ҚКФЛ ойындарында қызмет ететін ресми өкілдердің шығындарын өтеу сұрағы талқыға салынды, соның ішінде қазақстандық төрешілердің еңбекақысын көтеру - негізгі тақырып болды.
 
ҚКФЛ өкілдерімен еліміздің клубтарын сертификаттау (лицензиялау) тәртібіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу келісілді. Бұл тақырып әрі қарай Қазақстан футбол Федерациясында қаралады.
 
Жиынды қорытындылай келе кезекті кездесуді 2017 жылдың 14 қазанында Ақтөбе қаласында өткізуге шешім қабылданды. Бұл кездесуде 2018 жылғы маусымды өткізуге қатысты өзекті сұрақтар талқыға салынады.
 
Кездесуден кейін клуб басшылары, қазақ футболының ардагерлерімен қосылып, Қазақстан футбол Федерациясының Президенті Сейілда Байшақовтың 67 жасына арналған жолдастық кездесуге қатысты.  
    
 
 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4207 )