РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚайрат мұнайшыларды жеңе ала ма? 25 турға превью

26 Тамыз 2017, 01:12
«Оқжетпес» – «Ақтөбе»
Өтетін орны: Щучинск, «Жақсы СК» стадионы, 16:00
Ауа райы: +28, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  
 
Бұл маумысда командалардың ойындары жүрмей жатыр. "Оқжетпес" турнирлік кестеде оныншы орында орналасса, "Ақтөбе" көш соңында. Бұл екі команданы тек жеңіске деген жігерлік біріктіреді.

Маусым барысында екі ұжымда да бас бапкерлер ауысты - Владимир Мұқанов көкшетаулық команданы "Ақтөбеге" ауыстырса, "Оқжетпеске" Виктор Пасулько келді.   Соңғы ойындарда командалар қоржынға үш ұпайдан салды, алайда көкшетаулықтар бір рет жеңіске жетсе, "Ақтөбе" үш рет тең түсті.

 

«Тобол» – «Ақжайық»
Өтетін орны: Қостанай, «Орталық» стадион, 18:00 
Ауа райы: +20, ала бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ ТВ

Қостанайлықтар жаңарған стадионда екінші ойын қатарынан өткізеді. Евдокимовтың "Орталық" стадиондағы бірінші ойыны ойдағыдай болмады, бірақ барлығы "Тобылдан" тек жеңістер күтуде. Алаң иелерінің көшбасшы командалардан ұпай айырмашылығы біршама, бірақ олар турнирлік кестенің жоғарғы орындарына таласты жалғастыруға дайын.    

"Ақжайық" Қостанайда шайқассыз берілмейді. Соңғы екі ойында оралдықтар қоржындарын ұпайлармен толтырды - алдымен "Тараздан" басым түсті, ал бір апта бұрын "Ақтөбемен" қызықты ойын болды (2:2).

 

«Қайсар» – «Ордабасы»
Өтетін орны: Қызылорда, Ғ. Мұратбаева атындағы стадионның қосалқы алаңы, 18:00
Ауа райы: +34, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  

Қызылордалықтар чемпионатта голдарды ең аз соғатын команда, бірақ бұл жайт турнирлік кестенің ортасында тұруға кедергі емес. Шымкенттік ұжым үздік үштік қатарына кіруде, олардың ендігі мақсаты "Қайратты" қуып жету.  

Екі команда да қазір жақсы ойын өрнегін көрсетуде, бірақ "Орда" соңғы екі кездесуде "қасқырлардан" торға түсіре білді. Бұл екі кездесуде шымкенттік команда "Қайсарды" минималды есеппен ұтқан.

«Тараз» – «Ертіс»

Өтетін орныТараз, «Орталық» стадион, 19:00
Ауа райы: +28, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ

"Ертістің" ойыны жаңа бапкер келісімен жаңаруда. Вячеслав Грозный "Ертістің" шабуылда кемшіліктері бар екенін айтуда, сондықтан "Таразбен" болатын ойында павлодарлықтар жанкүйерлерді таңдандыруы мүмкін.  

Бір жағынан жымбылдықтармен ойында эксперимент жасау дұрыс емес шешім. Талғаев өз алаңында қандай да болсын командаға төтеп бере алады.

 

«Атырау» – «Қайрат»
Өтетін орныАтырау, «Мұнайшы» стадионы, 19:00 (Астана уақытымен)
Ауа райы: +31, ала бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ ТВ  

Алматылықтар бірнеше маусым қатарынан жоғары мақсаттар қойып отыр, бірақ жыл сайын оларға бір нәрсе жетіспейді. 2016 жылы алматылықтар "Ордабасыға" қарсы ойындарда көп ұпай жоғалтқан, ал осы маусымда "Қайрат" командасына қиындықтарды "мұнайшылар" туғызуда.    

Атырауда болған бірінші ойында алаң иелері басым түссе, Алматыда "Қайрат" жеңілмесе де, ұпай жоғалтты. Феррердің командасы Павлов жігіттерімен әлі екі мәрте кездеседі - бүгін және Кубоктың финалында. Атыраулықтар "Қайратпен" ойындарда өзінің сәтті сериясын жалғастыра алады ма - бұл риторикалық сұрақ, бірақ алаң иелері Алматыдан келген қонақтармен ойынның соңғы минуттарына дейін шайқасатыны анық.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4199 )