РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстана үшін А тобы

25 Тамыз 2017, 21:22

Монакода Еуропа Лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды.                                                      

Елордалық "Астана" испаниялық "Вильярреал", израильдық "Маккаби" (Тель Авив) жəне чехиялық  "Славия" (Прага) командаларымен бірге "А" тобына түсті.                                                                          

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикке" есе жіберді, бірақ елордалық ұжым өзінің Еуропадағы шеруін УЕФА Еуропа Лигасында жалғастырады.                                       

Топтық кезеңдегі бірінші ойынды "Астана" 14 қыркүйекте сырт алаңда испаниялық "Вильярреалға" қарсы өткізеді. Өз алаңымыздағы алғашқы ойын 28 қыркүйекте "Астана арена" стадионында "Славияға" қарсы болмақ.                           

Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі күнтізбесі келесідей:                                                  

14 қыркүйек - "Вильярреал" - "Астана"

28 қыркүйек - "Астана" - "Славия" Прага

19 қазан - "Астана" - "Маккаби" Тель-Авив

2 қараша - "Маккаби" Тель-Авив - "Астана"

23 қараша - "Астана" - "Вильярреал"

7 желтоқсан - "Славия" Прага" - "Астана"

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4197 )