РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Астана Қазақстанды жеңіспен тағы да куантты!

23 Тамыз 2017, 00:56
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті УЕФА Чемпиондар Лигасында "Астана" ФК шотландиялық "Селтик" командасын 4:3 есебімен жеңген кездесу туралы пікір бөлісті.
 
- "Астана" футбол сүйер қауымға үлкен футбол тойын сыйлады! Бүкіл әлемге тікелей эфирде көрсетілген бұл ойын футболды сүйетін адамдардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Көпшілігі бұл ойынның шиеленісі Глазгода болған ойыннан кейін жоғалды деген пікірде болды. Кейбір скептиктер команда атына кір келтіргісі келіп, ойыншыларға қысым жасады.
 
Қазақстан чемпионы барлық сынаудан өтіп, біздің футбол ұйымдастыру жағынан жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Шотландияда болған сәтсіздік біздің команданы шынықтырды.
"Астана" футбол клубы "Селтикті" жеңіп, шотландиялық клубтың 40 ойын бойы жалғасқан жеңіліссіз ойындар сериясын тоқтатты! Бұл - жағымды жетістік! Сонымен қатар, біздің команда өзінің алаңдарындағы жеңіліссіз сериясын ары қарай жалғастырып, көрсеткіштерін жақсартты.
 
"Астана" футбол клубының басшыларына, жаттықтырушыларына және ойыншыларына алғыс айтамын. Олар бірінші ойыннан кейін қол түсірмей, Қазақстан, клуб және ел футболының намысы үшін шайқасты. Иә, өз қақпамызды голдардан сақтап қала алмадық, бірақ шотландиялықтар екі ойын нәтижесімен елордалықтардың рухын түсіре алмады. Бүгінгі бүкіл әлем көрген жеңіс болашаққа деген сенімділікті күшейтеді. "Астананы" алда үлкен жеңістер күтіп тұр. Елордалықтарға алда болатын УЕФА Еуропа Лигасының жеребе тарту рәсімінде сәттілік тілеймін!   

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4193 )