РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстана Селтикті жеңді, әрі қарай - Еуропа Лигасы

23 Тамыз 2017, 00:07
"Астана" футбол клубын УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде "Селтик" командасын 4:3 есебімен жеңді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы елордалықтарды бұл жетістікпен құттықтайды.
 
Шотландияның үздік клубымен кездесу оңай болмады, бірақ елордалықтар айқасты соңғы минутқа дейін жүргізді. "Астана" бұл кездесуде жинақы ойнап, көптеген қауіпті сәттерге ие болды.
 
"Келттердің" қақпасына соғылған 4 доп "Астананың" айқын басымдылығын дәлелдейді. Соңғы жылдары шотландиялық клубтың қақпасына 4 допты тек қана "Барселона" дарытқан - бұл ойын 2016 жылдың қыркүйегінде болған.  
 
"Астана" барлық скептиктерге қазақ футболы халықаралық аренада бәсекеге жарамды екенін дәлелдеді. Мұндай мәртебелі жеңістер "Астананы" әлі де алда күтіп тұрғанына біздер сенімдіміз! Алға, "Астана"!
 
Алдағы жұма, 25 тамызда, Астана уақытымен 17:00-де Монако қаласында УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылады. "Астана" бұл турнирде жарысты жалғастыратынын еске сала кетейік.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4191 )