РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАлға, Астана!

16 Тамыз 2017, 12:13

Бүгін түнде "Астана" футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасында шотландиялық "Селтикпен" ойнайды.

Соңғы жылдары бұл ойын қазақстандық командалардың Шотландияның үздік командасымен үшінші кездесуі. "Астана" Глазго қаласының командасымен екінші жыл қатарынан күш сынаспақ.  

Біздің чемпиондарды жаңа екі ойыннан тұратын жекпе-жек күтіп тұр. "Астана Арена" қонақтары УЕФА турнирлерінің негізгі кезеңінде болатын таңғажайып халықаралық ойындардағы атмосфераны қайта сезуге мүмкіндіктері бар.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожин:

- "Астана" - соңғы жылдары қазақ футболының көшбасшысы. Команда елді өзінің халықаралық жеңістерімен қуантуда. Бүгін елордалық клубты екі ойындық кездесулерде стратегиялық түрде маңызды күрделі ойын күтуде. Мен ҚКФЛ және Қазақстанның барлық кәсіби клубтарының атынан біздің клубқа сәттілік тілегім келіп отыр!

Ойынның тікелей көрсетілімі "Kazsport" телеарнасында Астана уақытымен 00:35-те басталады.

Сурет "Астана" ФК баспасөз қызметінен

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4167 )