РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБолашақ балаларда! Қазақстандық клубтар ҚКФЛ мен ҚФФ-нан арнайы киім алды

07 Тамыз 2017, 20:15
Өтіп жатқан маусымда Қазақстан клубтары алғаш рет ҚКФЛ мен ҚФФ-нан балалар мен жасөспірімдерді дайындайтын футбол орталықтарына арнайы киімдер алды. Бұл мүмкіндік "Астана" футбол клубының Еуропа сәтті өнер көрсетуінің арқасында пайда болды.
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының кеңсесіне еліміздің футбол клубтары атынан көптеген алғыс хаттар келіп жатыр, олар жіберген алғыс "Астана" футбол клубының атына да бағытталған. Еуропалақ аренада сәтті ойнап, елордалық клуб тек қана Қазақстанның намысын қорғап қоймай, сонымен қатар басқа да клубтарды УЕФА-дан бөлінген қаржымен қамтамасыз етті. Футбол маусымы басталмастан бұрын ҚКФЛ-ның жалпы жиынында барлық клубтар түскен қаржы еліміздің балалар және жасөспірімдер футбол орталықтарына арнайы киім-кешек пен құрал-сайман алынуға бағытталсын деген бір ауыздан тілек білдірді. Аталған көмек Лигаға түскен сәтте, үздік спорттық брендтің арнайы киімі футбол орталықтарына бөліп тарату кезеңі басталды.
 
Мақсат Төмалиев ("Ақтөбе" ФК бас директоры):
- Бүгін біздер ҚКФЛ мен ҚФФ-нан демеушілік көмектің бірінші бөлігін қабылдап алдық. Жылдың басынан ҚКФЛ мен ҚФФ балалар және жасөспірімдер футболын дамыту аясында Премьер-лига клубтарына демеушілік көмек көрсетуде. Біздер 62 миллион теңгеге тауар алдық, соныман қатар жақын арада аудандардағы футбол орталықтарының бөлімшелеріне демеушілік көмек келуі тиіс. Барлық тауарлар - бұл біздің бас команда киетін фирмалық Adidas компаниясының киімдері. Біздерге тек балалар киетін киім емес, доптарда берілді. Жылдың басынан Орталықты доптармен қамту жағынан бізде қиындықтар болған. Яғни, сапалы доптардың үлкен тапшылығы болды. Қазір балаларға керекті жаңа заманға сәйкес доптар келді. Және де 10 миллионға арнайы құрал-жабдықтар келді. Әрине, біздер ҚКФЛ мен ҚФФ-ға ризамыз. Бұл көмек "Астана" футбол клубының Еуропада сәтті өнер көрсетуінің арқасында келіп отырғанын ұмытпайық. "Астана" футбол клубына алдағы шотландиялық "Селтикпен" болатын қарсы ойындарда сәттілік тілеймін. Барлық қазақстандықтар Чемпиондар Лигасындағы өкілімізді қолдайды.
 
Валерий Прихно ("Ақтөбе" футбол орталығынаң жетекшісі):
- Бүгін біздің футбол орталығымыз үшін маңызды оқиға. Біздер арнайы киім-кешектің жиынтығын, ойын формасын, футбол доптарын, және жаттықтыру процессі үшін арнайы құрал-жабдықтар қол жеткіздік. Барлығыда жоғары сапалы. Бұл ФО дамуына деген үлкен қадам. Бұл көмек балаларды жақсы жаттығуына ынталандырады. Ақтөбе футболын дамытуға септігін тигізген үшін біздер ҚКФЛ мен ҚФФ басшыларына рақмет айтамыз. 
 
Серік Мұқанов ("Жетісу" ФК директоры):
- "Астана" футбол клубының сәтті өнер көрсетуі, сонымен қатар УЕФА және ҚКФЛ Отанымызда балалар және жасөспірімдер футбол дамытудағы қамқорлығы арқасында жас ойыншылар керек-жарақтармен қамтылған. Бұл еліміздің балалар футболының жаңа шыңдар бағындыруына үлесін тигізеді деген үміттеміз. Біздер ҚКФЛ-ға, ҚФФ-на және "Астана" футбол клубына үлкен алғыс айтамыз. "Жетісу" футбол клубы атынан еліміздің көшбасшы клубы - "Астанаға" алдағы Чемпиондар Лигасының ойындарында сәттілік тілейміз. Біздер еуропалық аренада еліміздің өкілдеріне әрдайым қолдау көрсетеміз.
 
Бақтияр Байсеитов ("Ордабасы" ФК президенті):
- Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы және Қазақстан футбол Федерациясы елімізде балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жолында ауқымды жұмыс атқаруда. Енді халықаралық аренда біздің футболдың атын шығарып жатқан клуб футбол орталықтарын дамыту жолында ауқымды әсір етті. "Астана" футбол клубының арқасында біздің балалар заманауи арнайы киім кешекте жаттығып жүр, ал жаттығулар процессі жаңа заманға сай құрал-сайманды пайдаланумен өтіп жатыр. Бұл баға жетпес көмек, біздер дән ризамын! Қазір "Астананы" "Селтикке" қарсы екі қиын ойын күтіп тұр. Олар жеребеде түсуі мүмкін ең мықты командалардың бірі. Чемпиондар Лигасындағы біздің өкілге сәттілік тілейміз.
 
Асқар Әбілдаев ("Каспий" ФК директоры):
- "Каспий" футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа арнайы киім ала бастады. Ертеректе белгілі болғандай, Қазақстан футбол Федерациясына УЕФА-дан балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған қаржы түсті. Осының арқасында еліміздегі барлық футбол орталықтары арнайы киім мен керекті құрал-сайман ала бастады. Ойын және мерекелік арнайы киім (барлығы 165 комплект) "Каспий" футбол клубына келді, алдағы уақытта барлық заттар Біріншіліктің қатысушыларына таратылады. Олар 1999 жыл мен 2005 жылы аралығындағы туылған спортшылар. Сонымен қатар, футбол орталығы 200 доп алды. Осының барлығы "Астана" футбол клубының Еуропадағы сәтті өнер көрсетуінің арқасы, және де ҚКФЛ-ның қолдауы. Мен ҚКФЛ мен ҚФФ осы арнайы киімге қол жеткізгеніміз үшін, ал "Астана" футбол клубын біздің орталықтың балаларын қуантқаны үшін алғыс айтамын. "Астана" футбол клубына алдағы Чемпиондар Лигасының ойындарында сәттілік тілейміз. Олар еліміздің мақтанышы және біздер, қазақстандықтар, оларға әрдайым қолдау көрсетеміз.
 
Олжас Абраев ("Шахтер" ФК атқарушы директоры):
- Жақын арада біздер футбол орталық үшін арнайы жаңа киім алдық. Олар үлкен көлемдегі ойынға және жаттығуға киетін форма, доптар, арнайы құрал-сайман. Біздер ҚКФЛ, ҚФФ және "Астана" футбол клубына көрсетілген мүмкіндің үшін алғыс айтамыз. "Астана" футбол клубының еуропалық клубтық турнирлерде сәтті өнер көрсетуінің арқасында Қазақстан УЕФА-дан қаржылық көмек алды. Бұл қаржы еліміздің футбол орталықтарына арнайы киім ретінде сауатты таратылды. Балалар - біздің болашағымық, сондықтан біздер біздің балалар заманауи арнайы киім мен құрал-сайманға қол жеткізгені үшін қуаныштымыз. Мүмкіндікті қолдана отырып, "Астана" футбол клубына Чемпиондар Лигасында шотландиялық "Селтикке" қарсы ойындарда сәттілі тілейміз. Біздің клубқа өте мықты қарсылас тап болды, бірақ біздер, қазақ футболының жанкүйерлері, біздің жігіттердің бұл команданы өтіп, Еуропаның ең беделді клубтық жарысының топтық кезеңіне өтетініне сенімдіміз.
 
Мұрат Тлешев ("Шахтер" ФК спорттық директоры):
- Біздер ҚКФЛ мен ҚФФ көрсеткен көмекке ризамыз. Мен, бұрынғы ойыншы ретінде, сапалы арнайы киім мен құрал-сайманның жаттығуларда қандай маңызды екенін білемін. Жастық жақта әсіресе. Бұл жас ойыншы үшін үлкен импульс. Бүгін біздің балаларға кәсіби түрде өсіп даму және жақсы нәтижелерін көрсету үшін жақсы мүмкіндіктер жасалған. Мен жаңа заманға сай арнайы киім мен құрал-сайманның пайда болуы біздің футбол орталығымыздың биік мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетініне нық сенімдімін. Әрине, біздер "Астана" футбол клубының сәтті ойыны еліміздің футбол клубтарының осындай көмекке қол жеткізгеніне қуаныштымыз. "Селтикпен" кездесулер алдында біздің жігіттерге сәттілік тілегім келіп отыр.
 
Бүгінгі күнге ҚКФЛ мүшесі болып табылатын тоғыш клуб УЕФА-дан түскен қаржыларды тарату бағдарламасы бойынша арнайы киім алды. Алдағы уақытта еліміздің басқа клуб футбол орталықтары осындай көмекке қол жеткізеді. Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы біздің клубтар жас ойыншаларды сапалы дайындау үшін арнайы киім мен құрал-саймандарды жедел түрде алуда үлкен үлес қосты. Біздер УЕФА-дан түскен қаржыны балалар және жасөсіпірмдер футболы бағыттау маңыздырақ екеніне сенімдіміз.   
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4148 )