РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Астана маңызды қадам жасады

27 Шілде 2017, 19:22

Бүгін "Астана" футбол клубы барша жанкүйерлерге тамаша футбол мейрамын сыйлады. Мен клуб басшыларын, жаттықтырушылар штабын, ойыншыларды және де "Легияға" қарсы ойында жеңіске жетуге үлес қосқан барлық қызметкерлерді құттықтаймын!

"Астана" нағыз чемпионға лайық ойын өрнегін көрсетті. Қорғанысы мықты болып, шабуылда керемет ойнай білді. Жіберілген гол қорғаушыларды Варшавада болатын қарымта ойында аянбай және нық қимылдауға ынталандыратыны анық.

Бүгін өте маңызды қадам жасалды. Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының атынан "Астана" футбол клубына қарымта ойынды бүгінгідей сенімді өткізуіне тілектеспін. Қарымта ойынға дайындалуға командада бір апта уақыт бар. ҚКФЛ бұны алдын ала ескеріп, Чемпионаттың 22 турындағы "Ордабасыға" қарсы ойынды 7 тамызға ауыстырды.

Тағы да барлық қазақ жанкүйерлерін өте маңызды жеңіспен құттықтаймын!  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4129 )