РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Жанкүйерлерді бірігіп, халықаралық ойындарда еліміздің намысын қорғайтын командаларымызды қолдауға шақырамын!

12 Шілде 2017, 16:17
- Бүгін УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" Юрмалада жергілікті "Спартак" командасымен кездесіп, еурокубоктық маусымда өнер көрсетуін бастайды. Біздің жанкүйерлер Еуропаның ең беделді турнирінде ел чемпионынан тек сәтті нәтижелер күтеді.

Еліміздің тағы екі клубы - "Ертіс" пен "Қайрат", Еуропа Лигасының бірінші кезеңінен сүрінбей өтіп, келесі қарсыластарға тойтарыс беруге дайын.

Мен біздің клубтарға алдағы ойындарда тек сәттілік тілеймін. Біздер, миллиондар ойынының әуесқойлары, тартысты бәсеке және біздің клубтардың жеңісін күтеміз.
 
Қазақстандық футбол сүйер қауымы клубтарымыздың ойындарын телеарналар мен ҚКФЛ-ТВ жобасынан көре алады. "Астана" командасының Юрмаладағы "Спартак" командасына қарсы кездесуін "Хабар" телеарнасы көрсетеді, Еуропа Лигасының "Қайрат" - "Скендербеу" және "Ертіс" - "Црвена Звезда" ойындарын сәйкесінше "Казспорт" телеарнасы және ҚКФЛ-ТВ жобасы тікелей эфирде көрсетпек.    
 
Жанкүйерлерді бірігіп, халықаралық ойындарда еліміздің намысын қорғайтын командаларымызды қолдауға шақырамын!
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4094 )