РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарInstat бойынша маусымның бірінші бөлігінің үздік шетел ойыншылары

11 Шілде 2017, 22:51
Қазақстан футбол чемпионаты қызу өтуде. Бірінші айналым аяқталды, екінші айналым қызуда, сол себептен өтіп жатқан біріншіліктің кейбір нәтижелерін қорытындылауға уақыт келді. Сөзсіз, жанкүйерлерді келесідей сұрақ қызықтыруы мүмкін: өтіп жатқан чемпионатта өзін жақсы жағынан көрсетіп жатқан ойыншы кім?

Бұл сұраққа жауапты Instat компаниясы ұсынған статистика арқылы табуға тырысамыз.

 
Ескерте кетейік, Instat компаниясы тек статистикамен айналысатындықтан, біздер ешқандай теңеулер жасамаймыз, тек қарапайым сандармен неліктен аталған ойыншылардың 2017 жылғы маусымның үздіктері қатарына кіргенін көрсетеміз.
 
Бүгін біздер Премьер-лиганың Қазақстан футбол түлектері қатарына кірмейтін үздік бес ойыншыны назарларыңызға ұсынамыз. 
 
Өтіп жатқан чемпионатта алаңға алыс және жақын шетелден келген көп ойыншылар шықты. Осы кезге дейін Чемпионат ойындарында 110-нан аса шетел ойыншылары өнер көрсеткен. Қазақстан футбол түлектері қатарына кірмейтін ойыншылар көбірек "Атырау" мен "Ақтөбе" (11 ойыншыдан) сапында ойнаған. Шетел ойыншыларын алаңға ең аз шығарған - "Астана" мен "Тобыл" (7 ойыншыдан). Көріп тұрғанымыздай, шетел ойыншыларының саны команда жетістіктеріне әсер етпейді, тіпті кейбір шетел ойыншылары Қазақстан Премьер-лигасынан кетіп те үлгерді.
 
Шетелден келген ойыншалардан біздің Чемпионатта кім мықты? Төмендегі кестелерде үздік ойыншылардың және олардың бәсекелестерінің көрсеткіштері сіздің назарларыңызға ұсынылған. Бұл жолы біздер үздіктерді тек қана шетел ойыншыларымен емес, Қазақстан түлектерімен де салыстырамыз.
 
5 орын
Игорь Шитов (Беларусь), "Астана", оң қаптал қорғаушысы
Instat Index - 228
 
Маусымның үздік ойыны: 17.03.2017 "Астана"-"Ақжайық" - 3:0 (Instat Index -266) 
Позициядағы бәсекелесі: Александр Кислицын ("Ертіс")
 
 
4 орын
Иван Маевский (Беларусь), "Астана", орталық жартылай қорғаушы
Instat Index - 229
 
Маусымның үздік ойыны: 16.04.2017 "Оқжетпес"-"Астана" - 0:3 (Instat Index -293) 
Позициядағы бәсекелестері: Срджан Граховац ("Астана") және Исламбек Қуат ("Қайрат")
 
 
3 орын
Андрей Аршавин (Ресей), "Қайрат", сол қапталдағы жартылай қорғаушы
Instat Index - 230
 
Маусымның үздік ойыны: 14.05.2017 "Оқжетпес"-"Қайрат" - 2:3 (Instat Index -370) 
Позициядағы бәсекелесі: Аздрен Ллуллаку ("Тобыл")
 
 
2 орын
Исаэль Барбоса (Бразилия), "Қайрат", оң қапталдағы жартылайқорғаушы
Instat Index - 233
 
Маусымның үздік ойыны: 14.05.2017 "Оқжетпес"-"Қайрат" - 2:3 (Instat Index -335) 
Позициядағы бәсекелесі: Патрик Твумаси ("Астана")
 
 
1 орын
Джуниор Кабананга (Конго ДР), "Астана", шабуылшы
Instat Index - 246
 
Маусымның үздік ойыны: 28.05.2017 "Астана"-"Шахтер" - 4:1 (Instat Index - 476) 
Позициядағы бәсекелесі: Жерар Гоу ("Қайрат")
 
 
Қорытындылай келе, әдеттегідей бірнеше қызықты деректерге назар аударамыз:
 
1. Бұл мақалада таныстырылған барлық ойыншылар "Астана" мен "Қайратта" өнер көрсетеді. Егер де рейтингті позициялар санын көбейтсек, бұл тізімге Аничич ("Астана") және оның бәсекелесі Арзо ("Қайрат") және де Иличевич ("Қайрат") кіретін еді. Барлығы "Астанадан" 7 шетел ойыншысы, ал "Қайраттан" - 5. Бұл маусымда "Астана" 7 Қазақстан футбол түлектері қатарына кірмейтін ойыншылар, ал "Қайрат" 9 ойыншыны ойнатқанын назарға алатын болсақ, онда клуб селекционерлерінің жақсы жұмыс жасағанын айтуға болады. "Астаналықтардың" көрсеткіші тамаша - 7-ден 7 шетел ойыншысы. Instat Scout статистикасы бойынша ішіндегі ең жаманы (Ллуллаку) қазір "Тобылға" көшті. Сол себептен "Астананың" жаңа ойыншылары Томасов пен Кляйнхайслерге назар аударуыңызға кеңес береміз - олар деңгейі жоғары ойыншылар;
 
2. Жоғарыдағы тізімдегі бес ойыншының төртеуі (Маевскийдан басқалары) Қазақстан Чемпионатында екінші маусым қатарынан өнер көрсетіп жүр. Бұл жайт таң қалдырмайды, себебі кейбір шетел ойыншыларына жаңа чемпионатқа бейімделуге уақыт керек;
 
3. Аршавиннің статистикасы таң қалдырады. Оны тек Ллуллакумен емес, Исаэль де мен Твумасимен де (оларда Аршавин сияқты қапталда ойын көрсететін ойыншылар) салыстырса, Аршавин допты тартып алудан, пастар дәлдігінен және дрибингтен ең үздік көрсеткіштерге ие. Осындан 10 жыл бұрын Андрейде жылдамдық пен төзімділік болғанда, қандай футбол ойнағанын елестетуге болады.... Аршавиннің үздік жылдарында ағылшын чемпионатында ойнағандығы бекер емес;
 
4. Әрине, біздің рейтингтің көшбасшысы Кабананганы ерекше атап өтуге болады. Соңғы жылдары ол шабуылдарды өздігінен аяқтау жағынан біршама прогресс жасаған. Назар аударыңыздар, Кабананга мен Гоудың голдар саны бірдей - 14. Бірақ Гоумен бірге шабуылда Исаэль (9 ассист), Аршавин (6) және Иличевич (4) ойнайтындығын айта кеткен жөн. Ал конголезиялық ойыншымен бірге Твумаси (1), Мужиков (4), Ллуллаку (2), Муртазаев (3) ойнайтындығын атап кетейік. Бірақ, Шомконың 8 пасынан кейін гол соғылғанын ұмыппауымыз да қажет;
 
Біздің тізімге енген ойыншыларға біріншіліктің екінші бөлігінде тек сәттілік тілейміз. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар біздің рейтингімізге қайта кіретініне үміттеміз.     

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4090 )