РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАзамат Айтқожин: Қазақстан клубтарына сәттілік тілеймін!

29 Маусым 2017, 20:12
- Барлық футбол жанкүйерлерін Қазақстан клубтары үшін кезекті еурокубоктық маусымның басталуымен құттықтаймын! Біздің қатысушыларға сәттілік, қиын кездерде сабырлық және ең бастысы - өз күштеріне деген сенімділіктің жоғалмауын тілеймін! Қазір чемпионаттың қызған шағы, командаларымыз өзінің бабында, сонымен қатар командаларымыздың жалпы деңгейі былтырғы жылғы маусыммен салыстырғанда біраз өсті.   

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы Қазақстан футбол сүйер қауымы үшін командаларымыздың еуромаусымдағы өнер көрсетуі маңызды екенін түсіне отырып, ойындарды тікелей эфирде көрсету мақсатында шетел әріптестермен келіссөздер жүргізді.

Бүгін ҚКФЛ-ТВ жобасы екі ойынды көрсетеді. Біріншісін - Павлодардан, бұл қалада Димитар Димитров командасы болгарлық "Дунав" командасымен күш сынасады. Екінші көрсетілім Босния және Герцеговина ұсынылады, бұл жерде шымкенттік "Ордабасы" жергілікті "Широки Бриег" командасымен ойнайды.
 
Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер УЕФА Еуропа Лигасындағы біздің клубтардың қатысуымен өтетін барлақ ойындарды тамашалай алады.
 
Барлық Қазақстан жанкүйерлерін еліміздің абыройы үшін еуропалық жарыстарды сынға түсетін командаларды бірігіп қолдауға шақырамын!   

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4060 )