ЖаңалықтарАқжайық ФК-на П.Атоян атындағы стадионында ойындар өткізуге рұқсат етілді
20 Маусым 2017, 16:31

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласындағы Петр Атоян атындағы стадион төсенішінің сапасы ҚКФЛ алаңдарды тексеру Комиссиясын қанағаттандықтырмағандықтан, жергілікті клубқа ҚКФЛ аясындағы барлық ойындарды бұл алаңда өткізуге тиым салынды.
Стадион басшылары мен қызметкерлері ҚКФЛ комиссиясының берген кеңестері мен жоспарына сай жұмыс жүргізді. Стадион қызметкерлерінің реттелген жұмысы және Комиссияның пайдалы кеңестерінен кейін бір айдың ішінде алаң сапасы жақсарды.
Бұл стадионның алаң сапасы жақсарғандықтан және де алаңды пайдалану шарттарының сақталу жағдайында "Ақжайық" футбол клубына бұл алаңда ойындар өткізуге рұқсат етілді. Енді "Ақжайықтың" бас және жастар командасы өз алаңдарындағы ойындарды Оралда өткізе алады.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың құрметіне өтеді
-
Асхат Тағыберген – OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік футболшысы
-
Қайрат Нұрдәулетов - OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік бапкері
-
Еркебұлан Нұрғалиев - UBET-Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы