РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ агрономдарға семинар өткізді

15 Маусым 2017, 20:41

Алматының бас аренасында еліміздің кәсіби клубтары ойнайтын стадиондары мен алаңдары үшін жауап беретін мамандарға арналған семинар өтті.

Бұл Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы ұйымдастырған өзекті мәселені қозғайтын алғашқы семинар.

ҚКФЛ-ның алаңдарды тексеру Комиссиясы бірнеше айдың ішінде еліміздің футбол клубтарынаң бас және қосалқы стадиондарын тексерістен өткізді. Кейбір стадиондарда алаңның сапасының нашарлығына байланысты кемшіліктерді жоймайынша ойындарды өткізуге тиым салынды.

Комиссия есептемесінің нәтижесін назарға алып, ҚКФЛ футбол алаңдарын дұрыс күтуді үйрету және тәжірибемен бөлісу мақсатымен стадион кызметкерлеріне семинар ұйымдастарды.

Семинарда "Қайрат" футбол клубының бас агрономы Виктор Яромко дәріс оқыды. Бұл маман 2012 жылғы Еуропа Чемпионатының ақтық кезеңінде "Олимпийский" стадионының, сонымен қатар Чемпиондар Лигасының және Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойындар қабылдаған стадиондардың төсенішін дайындады.

Сонымен қатар семинарға алаңдарды тексеру Комиссиясының Төрағасы Павел Демян және ұйымның мүшелері Игорь Утробин мен Қайрат Смағұлов қатысты.

Семинар тыңдаушыларына еуропаның үздік төсеніштерінің құрамының сипаттамасын презентация түрінде көрсетті, және оларды дұрыс баптап, "ауруларымен" күресу әдістері туралы айтып кетті.

Виктор Яромко мысал ретінде футбол төсеніштерін күту кезінде қол жетімді және тез ықпал ететін әдістерді "Орталақ" стадион мен "Қайрат" футбол клубының оқу-жаттығу базасындағы алаңдарда көрсетті.

Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар өз бетімен орталық стадионның техникасымен танысты. Тыңдаушылар техниканың жұмысын қызығушылықпен қарап Виктор Яромконың берген кеңестерін мұқият тыңдады.

Семинардың соңында футбол стадиондары өкілдерінің атынан Қажымұқан стадионының (Шымкент қ.) директорының орынбасары Құрманбек Ордабаев сөз сөйледі. Ол ҚКФЛ-на бұл семинарды өткізгені үшін алғыс айтып, осынша ұзақ уақыт ішінде футбол алаңдарына жауап беретін мамандарға аса көңіл бөлінгенін атап кетті.  

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының алаңдарды тексеру комиссиясы атынан сөз сойлеген Павел Демян семинарға келгендерге рахмет айтып, стадиондар мамандары бұл семинарда алған білімдерін жақын арада өз стадиондарында қолданады деген үміт білдірді. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4025 )