РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ алаңдарды тексеру комиссиясы Талдықорғанда болды

13 Маусым 2017, 03:15

Сапар барысында "Жетісу" командасының негізгі және қосалқы алаңдары тексерілді.

Биылғы маусымда "Жетісу" футбол клубы Бірінші лигада өнер көрсетуде. Сонымен қатар, клубтың жастар командасы да бар, олар Екінші лига біріншілігіне қатысуда.

Клубтың негізгі алаңында, яғни "Жетісу" стадионында, табиғи шөп төселген. Қазіргі уақытта алаң қанағаттандырарлық күйде. Тексеріс нәтижелері бойынша: бұл алаң жоғары деңгейдегі ойындарды өткізу талаптарына сәйкес келеді. Бірақ ҚКФЛ комиссиясының берген кеңестеріне назар салып, төсенішті пайдалану ережелерін сақтау маңызды. Бұл стадионның алаң сапасы ойыншылардың денсаулығына зиян келтірмейді.

"Жетісу" стадионының қосалды алаңы жасанды төсенішпен жабдықталған. Көктемде бұл алаңда талдықорғандық клубтың бас командасы да, жастар командасы да ойнаған. Алаңның төселгеніне не болғаны 2 жыл. Қазіргі таңда ол тозбаған және әрі қарай пайдалануға жарамды. ҚКФЛ комиссиясы бұл алаңға қанағаттандырарлық баға қойды. Айта кететіні, егер алаңды пайдалану шарттары дұрыс сақталса, төсеніш клубқа әлі бірнеше жыл қызмет көрсете алады.

Қорытындылай келе, Талдықорғандағы екі алаңда ҚКФЛ комиссиясының тексерісінен өтті. "Жетісу" ФК қос командасы бұл алаңдарда өз ойындарын өткізуге толық құқылы.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4015 )