РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар"Ордабасы"-"Қайрат" ойыны 24 маусымға ауыстырылды

12 Маусым 2017, 15:19

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасына "Ордабасы" және "Қайрат" футбол клубтарының атынан түскен өтініші және командалардың өзара келісіміне байланысты Қазақстан чемпионатының 17 тур "Ордабасы" - "Қайрат" ойыны 2017 жылдың 14 маусымынан күнтізбеде бекітілген бастапқы мерзім 2017 жылдың 24 маусымына қайта ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Алдағы уақытта басталатын УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу ойындарына дайындалу шараларынаң маңыздылығын ескере отырып, ҚКФЛ аталған кездесуді күнтізбедегі бастапқы мерзімде өткізуге рұқсат берді.

Сонымен қатар, егер болашақта Қазақстан клубтарының атынан ойынды ауыстыру өтініші түссе, ҚКФЛ әкімшілігі клубтардың өзара келісімінен бөлек Чемпионаттың күнтізбесіне өзгеріс енгізу мүмкіндігінің барлық мән-жайын мұқият қадағалап, ойынның ауыстыру маңыздылығын растайтын барлық аргументтерді қарайды.  

ҚКФЛ Лиганың клуб-мүшелерін ойындарды ауыстыру мүмкіндігін ойластыру барысында орын алу мүмкін барлық зардаптар мен мән-жайларды мұқият ескеріп, тек қана чемпионат клубтарының және жанкүйерлерінің мүддесіне кіретін шешім қабылдап және Премьер-лига мен ҚКФЛ-ның беделін түсірмеуді сұраймыз.    

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4012 )